Шартарап

Президенттің орамал жайлы сөзіне жұрт риза болды (видео)

  • © Sputnik /

    © Sputnik /

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев ұлттық орамалға ешқашан тыйым салынбайтынын жұрт алдында мәлімдеді.


Кеше Көксарай резиденциясында Екатеринбургте өткен әлем чемпинатында жалпы командалық есепте бірінші орын алған өзбек боксшыларын марапаттау салтанаты өтті, деп жазды Sputnik Өзбекстан.


Турнир жеңімпаздарының бірінің анасы мемлекет басшысына алғыс білдірді. Дәстүрлі өзбек ормалын таққан әйел тіпті шалғай өңірлерде де спортты дамытуға көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.


"Біздің спортшыларымыз тек қана жеңіске жетіп, Өзбекстанның туын әрқашан биікке көтеруін құдайдан жалбарынып сұраймын! Қамқорлық жасағаныңыз үшін сізге рахмет. Өмір жасыңыз ұзақ болсын", - деген әйелге залдағылар орнынан тұрып, қол шапалақтап құрмет көрсетті.


Бұл сөзге көңілі елжіреген Шавкат Мирзиёев шын жүректен айтылған өзбек тілегі үшін оған алғыс білдіріп, мақтау айтты.



"Біздің ұлттық киіміміз бен орамалымыз сізге сондай жарасып тұр. Сізге қарап тұрып, әйелдердің сыртқы келбеті туралы айтуды жөн деп таптым, оның үстіне бұл тақырып қазір көпшіліктің назарында. Бәрі біліп жүрсін: біздің әйелдеріміз бен қыздарымызға ұлттық киім мен орамал өте жарасады. Оған ешкім және ешқашан қарсы болмаған, болмайды да. Мәселен, сіздің бас киіміңіз қадірлі өзбек анасын есіме түсірді. Бұл бас киім біздің ұлылығымыздың, шынайылықтың, шынайы рухымыздың көрінісі", - деді президент.

Бұған дейін Ферғана облысының хокимі Шухрат Ганиевтің отырыстардың бірінде орамалмен күресті бастаймыз деген сөзінен кейін әлеуметтік желілерде дау шыққан.


Шенеунік сенатқа шақырылып, өз сөзіне жауап беруге мәжбүр болды. Оған түзелу үшін үш ай сынақ мерзімі белгіленді.


sputnik


 


 


 




 




Көрілген: 1232    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.10.2019, 12:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31