Шартарап

Путин Ресейде бір апта демалыс жариялады

  • © Sputnik / Михаил Климентьев

    © Sputnik / Михаил Климентьев

Ресей президенті Владимир Путин келесі аптаны демалыс деп жариялады. Сондай-ақ ол Конституцияға түзетулер бойынша дауыс беруді кейінге шегерді.

 

Конституцияға түзетулер енгізу бойынша бүкілхалықтық дауыс беру 22 сәуірге жоспарланған еді.

 

"Біз үшін адамдардың денсаулығы, өмірі мен қауіпсіздігі бірінші орында. Сол себепті дауыс беруді кейінге шегеру қажет деп санаймын. Өңірлерде, жалпы елімізде жағдай қалай өрбитінін көрейік. Дәрігерлер мен мамандардың пікірі мен ұсыныстарына сүйеніп, дауыс беру күні туралы шешім қабылдаймыз",- деді Путин.

 

Вирустың жылдам таралу қаупін болдырмаудың маңызы өте зор, деп жалғастырды ол.

 

"Сондықтан келесі аптаны демалыс деп жариялаймын. Жалақы сақталады. Яғни, демалыс күндері сенбі, 28 наурыздан жексенбі, 5 сәуірге дейін жалғасады. Тіршілікті қамтамасыз ету құрылымдары, соның ішінде медициналық мекемелер, дәріханалар, дүкендер, банк және қаржы есептеулерін қамтамасыз етуші мекемелер, көлік, барлық деңгейдегі билік органдары жұмысын жалғастырады", - деп нақтылады Путин.

 

Ол ресейліктерді тәртіп пен жауапкершілікке шақырды.

 

sputnik

 

 




Көрілген: 269    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.03.2020, 22:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31