Шартарап

Ресейдe алтыншы сынып оқушысы мектепте атыс шығарды

  • Ресейдe алтыншы сынып оқушысы мектепте атыс шығарды

    Ресейдe алтыншы сынып оқушысы мектепте атыс шығарды

Ақпараттарға сәйкес, бас-аяғы екі оқ атылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ресейдің Пермь қаласы маңындағы Сарс ауылында 12 жастағы оқушы мектепте оқ жаудырды. Бұл туралы Orda.kz  112 Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сарс ауылындағы мектепте алтыншы сынып оқушысы «Сайга» аңшылық мылтығымен атыс шығарды. Ақпараттарға сәйкес, бас-аяғы екі оқ атылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқ жаудырған оқушы ұсталып, қазір тәртіп сақшылары онымен сөйлесіп жатыр. Оқиға бойынша ақпарат анықталуда. Оқ атқан Дмитрий Губаев полиция қызметкеріне түсініктеме беру кезінде сыныптастары мен мұғалімдеріне ашуланғанын, сол себепті осы әрекетке барғанын айтты. Оның айтуынша Құдай түсіне еніп, не істеу керектігін көрсеткен. Сондай-ақ, алтыншы сынып оқушысы мылтықты сыныптасы Дария Клестовамен арадағы мәселені шешу үшін әкелгенін айтты.

Мылтық ұстап келе жатқан Тима Губаевты бірінші болып өзінің әпкесі көріп қалған. Ол әпкесіне мылтық кезеп, оған үйге қайтуды бұйырады, артынша мектеп ішінде екі рет оқ атқан.

Еске салсақ, 20 қыркүйекте Пермь мемлекеттік университеті аумағына кіріп, университеттің студенттері мен оқытушыларына оқ жаудырған Бекмансуров ұсталған болатын. Оқиға салдарынан алты адам қаза тауып, тағы 28 адам жарақат алды.




Көрілген: 450    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 16:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31