Шартарап

Ресейде тәжік билігінің сұрауымен діни қызметкердің ұлы ұсталды

  • Саидкиемиддин Гозидың ұлы Баракатулло Гозиев.

    Саидкиемиддин Гозидың ұлы Баракатулло Гозиев.

Қазан қалалық соты 1990 жылдарда танымал болған белгілі тәжік діни қызметкері Саид Киемиддиндиннің 35 жастағы ұлы Баракатулло Гозиевті 40 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.

 

Сот шешіміне сәйкес, Гозиев тәжік билігінің өтініші бойынша қамауға алынған. Гозиев елінде "Діни араздықты қоздыру" және "Мемлекетке сатқындық жасау" баптары бойынша айыпталып жатыр.

 

Гозиевтің туыстары бұл айыптауларды теріске шығарып, Душанбеде ол азаптауға ұшырайды деп Ресейден жібермеуін сұрайды.

 

Соңғы екі жылда Тәжікстанда Баракатулло Гозиевтің екі бауыры "Терроризм" және "Мемлекетке сатқындық жасады" деген баптар бойынша сотталып, бірі 11 жылға, екіншісі 13 жылға бас бостандығынан айырылған.

 

2017 жылы қараша айында Саид Киемиддин Санкт-Петербургта ұсталып, Хожент қаласына жеткізілген. 2018 жылы мамыр айында 25 жылға сотталған. 2019 жылы мамырда ол Вахдат түрмесіндегі бүлік кезінде өлтірілген.

 

Саид Киемиддин өткен ғасырдың 90-жылдары танымал діни қызметкер болған. Оның "халық генералы" деген бейресми атағы болған.

 

Тәжікстанда азаматтық соғыс басталғаннан кейін ол Ауғанстанға өтіп, тәжік оппозициясымен жұмыс істеген. Соғыс аяқталғаннан кейін еліне оралып, Ұлттық бітім комиссиясына мүше болған.

 

 

 

azattyq.org

 




Көрілген: 472    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 22:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31