Шартарап

Ресейден үш қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды

  • Ресейден үш қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды

    Ресейден үш қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды

Іздестіру тобы қайтыс болғандардың туыстарын табуға көмек сұрайды.

Ресейлік іздестіру тобы Новгород облысы Холм қаласында бұрын белгісіз болған жаппай жерлеу орнынан үш қазақстандық жауынгер сүйегін тапты. Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан сарбаздардың есімі жерлеу орнынан табылған медальондар көмегімен анықталды. Қазір олар қазақстандық жауынгерлердің туыстарын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Ресейлік іздестіру тобының ақпараты бойынша, Холмдағы "Долина" экспедициясының құрамына кіретін "Пирамида" жасағы жауынгерлер жерленген белгісіз қабірді тапқан. Ұлы Отан соғысына қатысқан сарбаздар жекеменшік үйлердің бірінің аумағында үлкен шұңқырда көмілген. Павлодарлық "Майдан жолы" іздестіру жасағының командирі Александр Шитов қаза тапқан сарбаздардың арасында қазақстандықтар да болғанын айтты.

"Ресейлік әріптестердің айтуынша, 29 сәуірде олар эксгумация жұмыстарын аяқтады. 52 әскери қызметкердің сүйегі шығарылған. 16 медальон табылды. Олардың алтауы бос, үшеуі сол жерде оқылды. Жетеуі сараптамаға жіберілді. Өкінішке қарай, үш медальді оқу мүмкін болмады. Біреуін оқу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Ал қалған үшеуі оқылды. Үшеуі де біздің жерлесімізге тиесілі", - деді Шитов.

Медальондарының біріндегі жазбаға сәйкес, іздестіру тобы оның иесі 1912 жылы туған Қызыл әскер Василий Васильевич Банников екенін анықтады. Ол Алтай өлкесі Би облысының Быстров ауданында тұрған. 1941 жылы 18 қыркүйекте Семей облысы, Жаңа-Семей ауданы, Қазақ КСР Жаңа-Семей АӘК-ке майданға шақырылған. Соңғы қызмет орны 1280-ші атқыштар полкінің 391-ші атқыштар дивизиясы.

Мұрағат деректері бойынша, оның әйелі Анна Григорьевна Банникова Семейде Омская көшесі 78-үйде тұрған. Жауынгер 1942 жылы наурызда хабар-ошарсыз кеткен.

Екінші қазақстандықтың сүйегі 1910 жылы туған аға сержант Федор Михайлович Нагибинге тиесілі. Туған жері: Қазақ КСР, Алматы облысы, Дзержин ауданы, Дзержин ауылдық округі. Шақыру пункті: Андреевский АӘК. Отбасының мекен-жайы: Нагибин Михаил И., Қазақ КСР, Алматы облысы, Дзержин ауданы, Дзержин ауылдық округі.

Қаза тапқан үшінші қазақстандық Қызыл әскер Прокопий Иванович Читан(л)ов 1902 жылы туған. Медальонда туған жері Көкшетау уезі В... болысы, Васильевка ауылы. Шақыру орны: Күршім АӘК. Отбасының мекен-жайы: Ефросинья Эната Читан(л)ова ..., Қазақ Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Пугачев ауылдық кеңесі, "Ма...овод" .

Іздестіру тобы қайтыс болғандардың туыстарын табуға көмек сұрайды.

Бұған дейін "Пионер" жасағының іздестіру тобы бірге қаза тапқан екі қазақстандық жауынгердің оқиғасын айтып берген еді.

Tengrinews.kz "Победители" жобасы аясында ҰОС қатысушыларының сауалнамалық деректері жиналып жатқанын еске салады. Біз әрбір қазақстандықтың баға жетпес мұрағатын, Ұлы Отан соғысының қазақстандық ардагерлері мен еңбек майданы қатысушыларының естеліктерін жинауға шақырамыз.

Ол үшін ардагердің аты-жөні, туған күні, әскери қызметтің немесе тылдағы жылдары туралы қысқаша ақпарат, сондай-ақ оның суретін қоса отырып, сайттағы сауалнаманы толтыру қажет. Оқиғалар WhatsApp +7-700-905-1945-тегі нөмірі бойынша да қабылданады.




Көрілген: 615    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 12:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31