Шартарап

Сарапшы АҚШ-тың Қара теңіздегі әрекетіне баға берді

  • © AP Photo / Ford Williams

    © AP Photo / Ford Williams

АҚШ-тың Қара теңіздегі белсенділігі Вашингтонның Ресейді тежеу бойынша ұстанымымен байланысты және өз күшін баршаға таныту ниетімен жасалып отыр. Алайда америкалықтардың Украина аумағында әскери-теңіз базаларын құру жөнінде шешімге келуі екіталай, деп санайды Ресей ғылым академиясының АҚШ және Канада институтының әскери-саяси зерттеулер орталығының жетекшісі, ЖЭМ әлемдік саясат кафедрасының профессоры Владимир Батюк.

 

Қара теңізге АҚШ-тың қанатты ракеталарымен қаруланған "Портер" эсминеці мен "Маунт Уитни" кемесі кірген болатын.

 

"Бұл Ресейді Балтық пен Қара теңізде тежеудің америкалық ұстанымы. АҚШ-тың өз күшін осылайша баршаға танытқысы келген әрекеті, одан басқа ештеңе емес", - деді ол РИА Новости агенттігіне.

 

Сарапшының айтуынша, АҚШ-тың Қара теңізде әскери база құру мүмкіндігін қарастыратын болсақ, бұл тұста көптеген шектеулердің бар екенін байқауға болады. Соның бірі - Монтре конвенциясы.

 

"Бұл конвенцияға сүйенсек, Қара теңіз жағалауына кірмейтін ел теңіз акваториясында әскери кемесін үш апта, яғни 21 күн ұстай алады. Бұдан артық уақыт кеменің теңізде болуына тыйым салынған. Америкалықтар Қара теңіздегі серіктерстері мен одақтастарына осылайша "қонақ" болып кетуі мүмкін, одан артыққа бара алмайды", - дейді ол.

 

Оның айтуынша, АҚШ кемелерінің Қара теңізге кіруі Донбастағы украиндық әскерилерге қолдау көрсету үшін жасалды деу қиын, өйткені Қара теңіз бен Донбасс әскери әрекеттерінің сценарийі екі түрлі.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.11.2021, 08:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31