Шартарап

Сәуле Омарова АҚШ-тың валюта басқармасы жетекшісі қызметінен бас тартты

  • Сәуле Омарова АҚШ-тың валюта басқармасы жетекшісі қызметінен бас тартты

    Сәуле Омарова АҚШ-тың валюта басқармасы жетекшісі қызметінен бас тартты

Қазақстан тумасы Сәуле Омарова АҚШ-тың Қаржы министрлігіне қарасты валюта басқармасы жетекшісі қызметіне тағайындалудан бас тартты деп жазады Reuters. Бұл туралы Ақ үйде хабарлаған.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Джо Байденнің өзі Сәуле Омарованың кандидатурасын аталған қызметке ұсынған болатын. Алайда, Сенатта өткен тыңдау кезінде республикалықтар Омарованы сынның астына алды. Сенат өкілдері оның бұрын коммунист болғанын, КСРО идеологиясын бойына сіңіріп өскенін мәлімдеген. Алайда, Сәуле Омарова өзінің ешқашан коммунистер сапында болмағанын, ал әке-шешесі кеңестік идеологиядан зардап шеккенін айтып ақталды.

«Мен Сәуле Омарованың валюта басқармасы жетекшісі қызметінен бас тарту туралы өтінімін қабылдадым», - делінген Джо Байденнің мәлімдемесінде.
Сәуле Омарова 1966 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеу мемлекеттік университетін, Висконсин университетін және Солтүстік-Батыс университетін оқып тәмамдаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.




Көрілген: 334    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.12.2021, 10:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31