Шартарап

"Сайлауға түсуіне қарсы болған" Владимир Зеленскийдің әйелі туралы не білеміз?

  • "Сайлауға түсуіне қарсы болған" Владимир Зеленскийдің әйелі туралы не білеміз?

Владимир Зеленский мен Елена Зеленскаяның отасқанына 16 жыл болған. Екі бала тәрбиелеп отыр. Украина президенттігіне кандидат Владимир Зеленскийдің әйелі Елена Зеленская - кәсіпкер, "Квартал-95" жеке меншік студиясында жұмыс істейді. Бұл туралы ICTV телеарнасы Зеленскийдің өмірбаянына арналған бағдарламада хабарлады.


Елена Зеленскаяның білімі

Елена Зеленская (Кияшко) 1978 жылы Кривой Рогта дүниеге келген. Ол өзінің болашақ жарымен бір мектепте оқыған. Бірақ ол кезде бір-бірін танымаған.


Зеленская Криворожск техникалық университетінің құрылыс факультетін қызыл дипломға тәмамдаған. Бірақ мамандығы бойынша ешқашан жұмыс істемеген. Болашақ күйеуімен Елена университетте оқып жүргенде танысып, 2003 жылы отау құрады.



Елена Зеленскаяның қызметі

Қазір күйеуінің меншігіндегі "Квартал-95" әзіл-сықақ студиясында жұмыс істейді. Елена Зеленская - қойылым мәтіндерінің авторы. Салық декларациясындағы мәліметтерге сәйкес, Еленаға бұл компанияның 0,01%-і тиесілі.


Бұдан бөлек, Елена Зеленская балық өңдеу және консервілеу компаниясының да 25%-не ие.

"Сайлауға түсуіне қарсы болған"

Елена Зеленская басында күйеуінің президент сайлауына қатысу туралы ойын қолдамаған, кейін оның шешімімен келісіпті.


Күйеуіңіз сайлауда жеңіске жетсе, не істейсіз деген жергілікті телеарна сауалына Елена Зеленская:


"Меніңше, президенттің әйелі қандай да бір рөлді қолға алуы міндетті емес. Ол - отбасындағы көшбасшы. Мен оны үнемі қолдап, көмектесіп келемін. Сондықтан бұл үрдіс жалғасады деп сенемін. Егер ол президент болса, ел алдына шығып сөйлейтін баяндамаларының мәтінін редакциялап беруге тырысамын", - деп жауап берген.


Украинадағы президент сайлауы

Украина президенті сайлауының екінші туры 21 сәуірде өтті. Оған Украинаның президенті Петр Порошенко мен Владимир Зеленский қатысты.


Сайлау бюллетеньдерінің жартысы өңделіп, Зеленскийдің рекордық көрсеткішке қол жеткізгені белгілі болды. Ол сайлаушылардың 73% дауысына, Порошенко 24,66% дауысқа ие болған.


Владимир Зеленскийдің балалары

Владимир мен Еленаның екі баласы бар. Александра 2004 жылы, ал Кирилл 2013 жылы дүниеге келген.


Александра 2014 жылы "8 новых свиданий" (Алғашқы сегіз кездесу) атты фильмде бас кейіпкердің қызының рөлін ойнаған. Ал 2016 жылы "Рассмеши комика. Дети" шоуына қатысып, 50 мың гривен (1 860 доллар) жеңіп алды.

 




Көрілген: 434    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.04.2019, 16:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31