Шіркеуде 29 адам тапталып, мерт болды

21 қаңтар 2022, 09:48

Либерия астанасы Монровияда бір топ қарулы адам шіркеуге шабуыл жасады. Нәтижесінде 29 адам, оның ішінде 11 бала тапталып көз жұмды, деп хабарлайды Reuters.

 

Оқиға сәрсенбі күні кешке Нью-Кру-Таун ауданында болды.

 

Шабуыл кезінде шіркеуде жүздеген адам болған.

 

«Біз бір топ қаруланған ер адамның бізге қарай жүгіріп келе жатқанын көрдік, адамдар есікке қарай ұмтылды. Сол кезде кейбір адамдар құлады, ал басқалары оларды таптап кетті», - деді куәгер.

 

Оның айтуынша, шабуылдаушылар шіркеуге келгендерді тонамақ болған.

 

Дәрігерлердің айтуынша, бірнеше зардап шеккен тұрғынның жағдайы ауыр, сондықтан қайтыс болғандардың саны артуы мүмкін.

 

Жергілікті БАҚ мәліметінше, құрбан болғандардың арасында жүкті әйел де бар.

 

Бейсенбіде оқиға орнына барған Либерия президенті Джордж Веа елде үш күндік аза тұту жариялады.

 

 

 

24.kz