Шартарап

Сүңгуір қайықтың экипаж мүшелері түгелдей қаза тапқан

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Индонезияда біраз күн бұрын жоғалып кеткен сүңгуір қайық бортындағы 53 экипаж мүшесі түгелдей опат болған.

 

Бүгін ел президенті Джоко Видодо осылай деп мәлімдеп, марқұмдардың туғандарына қайғырып көңіл айтты.

 

Себебі құтқарушылар сүңгуір қайық жоғалған Бали аралы маңындағы су түбінен құтқару күртешелерін тапқан. Әскерилер кеме үш бөлікке бөлініп қалған деп болжам жасап отыр.

 

Қайықтың өзі табылған жоқ, дегенмен құтқарушылар су көлігіне тиесілі бөлшектерді 850 метр тереңдіктен анықтаған.

 

Еске сала кетейік, 21 сәуірде Индонезияның Бали аралы маңындағы әскери жаттығу кезінде сүңгуір қайық жоғалып кеткен еді. Суасты көлігінде 53 экипаж мүшесі болған.

 

Алдын ала болжам бойынша, қайықта оттегі таусылған болуы мүмкін.

 

 

24.kz




Көрілген: 818    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.04.2021, 02:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30