Шартарап

Таиланд королінің тойындағы рәсімдер көпшілікті таңқалдырды (видео)

  • Видео кадры

    Видео кадры

Желіде Таиланд королі Маха Вачиралонгкорнның генерал Сутхида Тиджаймен неке қию рәсімінің үзінділері жарияланды. Үйлену тойы көне дәстүрлерге сай өткендіктен көпшіліктің қызу талқысына түсті.


Той 1 мамыр күні Бангкокта корольдік резиденцияның тақ залында өткен. Неке қию рәсімінің үзіндісі барлық тай телеарналарының жаңалықтарында көрсетілді. Жақында видео әлеуметтік желіге тарап кетті.


Рәсім дәстүрге сай, корольдік отбасына жақын адамдардың ортасында өтті. Рәсімнің басым бөлігін болашақ патшайым жерде, күйеу жігіттің аяқ жағында жатып өткізді. Бұл уақытта король бірнеше жоралғыны жасап жатқан еді.



Содан кейін, ерлі-зайыптылар қол қойып, жаңа патшайым күйеуінің жанына жайғасты. Ал басқалары жерде жатып, дәстүрге сай корольге деген құрметтерін көрсетті.


Тайлық салт-дәстүрден хабары жоқ желі қолданушылары бұл іс-әрекеттерді көріп, таңқалысты. Көпшілік мұндай рәсімді әйел адам үшін қорлық деп санады.


«Мүлде әдемі емес. Қазір қай заман? Қорлаудың не қажеті бар. Жәй ғана бас исе болды емес пе?», «Салттары заманнан қалыпты, қараудың өзі жағымсыз», «Не де болса көшеде 21 ғасыр тұр. Мұндайдың барын тіпті ойламаппын», — деп жазды таңырқаған оқырмандар.


Таиландта король құдай іспеттес жан болып есептелгендіктен, барлық ресми іс-шараларда ол өзгелерден биік тұруы тиіс екен.


Естеріңізге сала кетсек, Вачиралонгкорн таққа әкесі қайтыс болғаннан кейін, яғни, 2016 жылы отырды. Ол — 1782 Бірінші Рама таққа отырғаннан кейін құрылған Чакри династиясының оныншы мүшесі. Король үш рет үйленіп үлгерген. Алайда оның алғашқы некелері ажырасумен аяқталған. 


kaz.365info.kz




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.05.2019, 18:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31