Шартарап

Тәжікстанда ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары өтіп жатыр

  • Тәжікстанда ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары өтіп жатыр

    Тәжікстанда ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары өтіп жатыр

ҰҚШҰ үшін Орталық Азия стратегиялық бағытында күрделі әскери-саясаи ахуал қалыптасып жатыр. Ол қауіпсіздікке төнген қатерге қатысты жедел әрі тиімді әрекет етуді қажет етеді
Тәжікстандағы бірлескен әскери маневрлерінің жаңа топтамасы оңтүстік шекарадағы ықтимал қарулы қақтығыс пен қарсыластың көзін жою әдістерін қамтиды.

18-23 қазанда Тәжікстандағы Харб-Майдон және Момирак полигонында өтетін ҰҚШҰ-дың "Өзара әрекеттестік", "Іздеу" және "Эшелон" оқу-жаттығулар сериясына алты мемлекет – Армения, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей мен Тәжікстаннан 2700 әскери мен 500 бірлік техника жұмылдырылды. Маневрлерге сондай-ақ ҰҚШҰ барлау күштері мен құралдары, Ұжымдық жедел әрекет ету күштері мен материалдық-техникалық қамсыздандыру құралдары да тартылды.

 Беларусь оқу-жаттығуларға 256 әскери қызметкер мен бес техника жөнелтті. Ресейлік контингент атынан Орталық әскери округтің 201-ші әскери базасынан 400 маман қатысып отыр. Маневрлерге РФ ӘҒК шабуылдау және армия авиациясы, Ту-22МЗ ресейлік қашықтыққа ұшатын бомбалаушы зымыран тасымалдағыштары да қатыстырылады. 

ҰҚШҰ Ұжымдық күштері таулы-құмды аумақта бірлескен операцияларға дайындық жүргізіп жатыр. Олар Ауғанстандағы жихадшылармен қақтығыс қарастырылған әскери әрекеттер театрын меңгеруде. Әскер орналасқан аумақта басқару пунктері жайғастырылып, оқ ату позицияларын инженерлік қамсыздандыру және техниканы жасыру жүзеге асырылуда.

Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстаннан 400-ге жуық әскери ҰҚШҰ барлау күштері және құралдарының "Іздеу-2021" арнайы оқу-жаттығуына қатысып жатыр. Олар заңсыз қарулы құрылымдардың көзін жою және бұғаттау кезінде барлау күштері мен құралдарын басқару, бірлескен әрекеттерді пысықтауда.

Барлаушылар барлауға арналған жаңа технологиялық құралдарды пайдалануда. Олардың қатарында жердегі қозғалыстағы нысандарды бақылауға арналған "Фара-ВР" портативті радиолокациялық кешені, бір дегенде жиырмаға жуық нысанды бақылай алатын шағын габаритті "Соболятник" радиолокациялық жүйесі бар.

"Өзара әрекеттестік-2021" бірлескен оқу-жаттығулары аясында ұжымдық қауіпсіздіктің Орталық Азия өңіріндегі шекара маңындағы қарулы қақтығысты жою бойынша бірлескен операцияларға дайындық пен оларды жүргізуді пысықтайды.

 Ал Тәжікстан аумағында ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің материалды-техникалық қамсыздандыру күштері және құралдарымен "Эшелон-2021" арнайы оқу-жаттығу алғаш рет өтуде. Беларусь, Қазақстан, Тәжікстан мен Ресей қарулы күштері материалды-техникалық қамсыздандыру бөлімшелерінен 500-ден астам маман қатысқан тыл қызметінің маневрлері әскери топтардың жауынгерлік мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталған. Себебі кез келген әскери операцияның 90 проценті логистика, әскерді материалды-техникалық қамсыздандырудан (оқ-дәрі, жанармай, азық-түлік) тұрады. 

Еске салсақ, Ұйымның жауапкершілік аумағында 2021 жылы төрт бірлескен оқу-жаттығу өтті. Оның ішінде Бітімгерлік күштердің "Мызғымас бауырластық-2021" маневрі ғана Қазанда өтті.

Ал Ауғанстанда билікке тәлібтер келгеннен кейін қақтығыстар мен теракт тоқтар емес. Халық жасақтары Панджшердегі "Талибан"* содырларына шабуыл жасап жатыр. Ондаған тәліб елдің ірі қалаларында ИМ* содырларының құрбанына айналуда.

8 қазанда мешіттегі жарылыс салдарынан Кундуздағы 100-ге жуық бейбіт тұрғын көз жұмып, ондаған адам жарақаттанды. 3 қазанда Кабулдағы мешіт жанында да жойқын жарылыс болды. Соның салдарынан 20 адам қайтыс болды. Бұл ұлттық шекараны мойындамайтын "Ислам мемлекеті" қолтаңбасына ұқсайды.

Панджшер шатқалындағы тәжіктерге қатысты репрессияның өршуіне байланысты тәжік-ауған шекарасында шиеленіс артып жатқаны байқалады. Тәддікстан президенті Эмомал Рахмон 1996-2001 жылдардағы жағдайды ескеріп, тәлібтердің үкіметін мойындаудан түбегейлі бас тартып отыр. Ауғанстан халқының 46%-інен астамын этникалық тәжіктер құрайтынын атап өту керек.

Душанбе мен Кабул бір-біріне қатысты өткір мәлімдемелер жасап, қарулы күштерді шекараға қарай бағыттап жатыр. "Талибан" көшбасшылары Тахар солтүстік провинциясына ондаға арнайы жасақ сарбазын жөнелтті. Ал қозғалыстың ресми өкілі "бұл батыл жауынгерлер белдеріне жарылғыш зат байлап жүреді және Ауғанстандағы америкалық базаларды жарған бұлар ештеңеден қорықпайды" деп мәлімдеме жасады. "Шахид белбеуі" бар ауған шекарашылары Тәжікстан мен Орталық Азиядағы басқа мемлекеттер үшін де жайсыздық тудырып отыр. 

"Джамаат Ансаруллах"* террористік ұйымының жетекшісі 7 қазанда Тәжікстанға басып кіруге дайын екені туралы мәлімдеді. Душанбедегі заңды үкіметті құлату мақсатында 10 жыл бұрын құрылған бұл топ Бадахшанда тәлібтердің жеңіске жетуін қамтамасыз етті. Сондықтан "Джамаат Ансаруллах" "Талибанның" әскери тірегі саналады.

Ауғанстанда тәлібтердің билікке келуі Ресей мен оның Орталық Азиядағы одақтастары үшін үлкен проблемаға айналды. Мәскеу 33 молдадан құралған уақытша үкіметтен "Талибанның" терроризм мен есірткі тасымалын тыю, бүкіл ауған елінің мүддесін қоғайтын үкімет құру, "Әл-Каидамен"* байланысты үзуді қамтитын бұған дейінгі берген уәделерін орындауды талап етуде.

* – Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым

sputnik.kz




Көрілген: 332    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.10.2021, 15:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31