Шартарап

"Талибан" әйелдердің жоғары білім алуына шектеу қойды

  • "Талибан" әйелдердің жоғары білім алуына шектеу қойды

Ауғанстанда әйелдер университетте ерлерден бөлек оқиды, мұсылманша киінуіге міндеттенеді деді 12 қыркүйек күні "Талибан" құрған үкіметтің мүшесі.

"Талибан" құрған ауған үкіметінде жоғары білім министрі қызметін атқаратын Абдул Бақи Хаққани бұл ережені Кабулдағы баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.

Азаттықтың мәліметіне қарағанда, тәліптер Ауғанстанда осыған дейін 1996-2001 жылдары билік құрып, әйелдер құқығын қатаң шектегенімен көзге түскен. Олар әйелдерге білім алуға, жұмыс істеуге, көшеге ер адамсыз шығуға тыйым салған. Бірақ 15 тамызда Ауғанстанды бақылауға қайта алғанын мәлімдеген "Талибан" бұл жолы елді басқаша басқаратынын, әйелдер құқығын шектемейтінін айтқан.

Хаққанидің сөзінше, "Талибан" 20 жыл бұрынғы күйге оралғысы келмейді, бүгінгі жағдайға сүйеніп әрекет етуді көздейді.

Бірақ әйелдер университеттері қазірдің өзінде "Талибан" шектеулеріне тап болып отыр. Сол шектеулердің бірі – киім үлгісі. Хаққани хиджаб кию міндетті болады деді, бірақ бұл тек басты жабумен шектеле ме, әлде әйелдер жүзін де жасыруы керек пе, ол жағын нақтыламады.

Тәліптер сондай-ақ гендерлік сегрегация енгізбек.

 

"Ұлдар мен қыздарға бірге оқуға жол бермейміз" - деді Хаққани.

 
Жоғары білім министрінің сөзінше, егер әйел мұғалім жетіспесе, арнайы шаралар тетігі іске қосылмақ.

"Қажет болған жағдайда, [әйелдерге] ер адам да сабақ бере алады, бірақ мұның бәрі шариғатқа сай жүреді" - деді ол. 

 
Министрдің сөзіне қарағанда, сынып бөлмелерінде ерлер мен әйелдер арасын перде бөліп тұрады. Сабақты онлайн не теледидар арқылы да беруге болады.

Тәліптер келгелі көптеген жерде сынып бөлмелерін пердемен бөліп үлгерген.

Хаққани университетте оқытылатын пәндер де тексеруден өтетінін айтты, бірақ мұның жай-жапсарын нақтыламады.

Baq.kz




Көрілген: 943    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.09.2021, 22:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31