Шартарап

"Талибан" өкілі: ауған әйелдері ер адамдармен бірге жұмыс істемеуі керек

  • "Талибан" өкілі: ауған әйелдері ер адамдармен бірге жұмыс істемеуі керек

"Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) өкілі Вахидулла Хашими REUTERS агенттігіне ауған әйелдері ер адамдармен бірге жұмыс істемеуі керегін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хашимидің сөзінше, тәліптер халықаралық қоғамның қысымына қарамастан "ислам құқығының өзіндік нұсқасын" дайындайды. 

"Біз 40 жылдай Ауғанстанда шарихат жүйесінің енгізілуіне күрестік. Шарихатқа сәйкес, ер адам мен әйел адам бір жерде жиналып отыра алмайды. Олар бірге жұмыс істей алмайты. Бұл түсінікті. Әйел адамдарға біздің кеңсеге келіп, біздің министрліктерде жұмыс істеуіне тыйым салынады", - деді Хашими.  

Агенттік мәліметінше, бұған дейін ауған әйелдеріне жұмыс істеп, білім алуына рұқсат берілетіні туралы мәлімдемелер жасалған. "Талибан" басқарған 1996-2001 жылдары оған тыйым салынған. 




Көрілген: 305    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 12:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31