Шартарап

Тамаққа ақша таба алмаған отбасы қызын 500 долларға сатқан

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Ауғанстанның Герат қаласы маңында бала-шағасын аш қалдырмас үшін көп балалы отбасы жаңа туған нәрестесін сатуға мәжбүр болған, деп хабаралады Би-би-си ақпарат агенттіне сілтеме жасаған qamshy.kz.

 

БҰҰ егер жақын арада елге жедел көмек көрсетілмесе, миллиондаған адам аштықтан қайтыс болады деп қатаң ескерту жасады.

 

– Үйде не ұн, не май жоқ. Солай істеуге мәжбүр болдық, – деді нәрестенің әкесі.

 

BBC сайтының жазуынша, нәрестені 500 долларға сатқан. Бұл ақшаға отбасы бірнеше ай күн көре алады. Жаңа туған нәресте жүре бастаған кезде оны сатып алушыға береді. Сатып алушы оны есейген соң ұлына үйлендіретінін айтқан. Бірақ уәдесінде тұратынына еш кепілдік жоқ.

 

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл осылай істеуге мәжбүр болған Ауғанстандағы жалғыз отбасы емес.

 

– Ауғанстан ауыр гуманитарлық дағдарысты бастан кешіріп отыр. Апат болайын деп тұр, – деді БҰҰ Азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Дэвид Бизли.

 

Еске салайық, тамыз айында шетел әскері кеткеннен кейін Ауғанстан билігі "Талибан"  радикалды қозғалысының қолына өткен. Әлемнің бір де бір мемлекеті оның билігін мойындаған жоқ.

 

Соның салдарынан Ауғанстан Еуропа елдері, Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының көмегінен қағылды. Шетел қаржысы ЖІӨ-нің 40 пайызына жеткен.

 

Қазір елде азық-түлік, дәрі-дәрмек дағдарысы орнады. Азық-түлік құны күрт өсті. Одан бөлек, Ауғанстанда соңғы төрт жылда екінші рет қуаңшылық орнаған. БҰҰ ақпаратынша, соның нәтижесінде күн сайын ауған отбасыларының тек бес пайызы ғана тойып тамақ ішеді.

 

Қыркүйекте Женевадағы конференция кезінде халықаралық қауымдастық ауған азаматтарына көмек қолын созу үшін миллиард доллардан астам қаржылай көмек беретінін мәлім еткен. Бұл ақшаның үштен бірі БҰҰ-ның Азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсалады. Алайда Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы әзірге қаражаттың тек бір бөлігі ғана түскенін және оның теңіз тамшысындай әсер беретінін хабарлайды.

 

 

 

 




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.10.2021, 18:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31