Шартарап

Танымал әлем чемпионын үйінің алдында атып кетті

  • https://sportssmi.ru/

    https://sportssmi.ru/

Мәскеуде тай боксынан үш дүркін әлем чемпионы, Армения азаматы Ашот Болянды белгісіз біреу атып кетті.

Қылмыс 13 қараша кешке тұрғын үйдің маңында жасалған. Белгісіз біреу 40 жастағы әлем чемпионына оқ атқан, ауыр жарақаттан спортшы оқиға орнында көз жұмды, деп мәлімдеді РФ тергеу комитеті. РФ қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) және 222-бабы 1-тармағы (Заңсыз қару-жарақ айналымы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Тергеу бірнеше болжамды қарастырып отыр. Соның бірі кәсіпкерлік қызметпен байланысты", - деп хабарлайды РИА Новости.

Mash телеграм-каналы Ашот Болянды басынан көздеп атқанын жазды. Киллер спортшыны бірнеше сағат бойы үйінің алдында күткен. Криминалистер чемпионға бірнеше рет оқ тигенін анықтады.

Ашот Болянды не үшін өлтірді?

Адвокат Карен Нерсисян чемпионның тапсырыспен өлтірілгенін айтып отыр.

"Ол өз ортасына сыйлы, спортшы болғанын білемін. Қылмыс әлеміне қатысы жоқ еді. Сол себепті мүлде түсініксіз болып отыр. Мұның тапсырыс екені даусыз", - деді заңгер "Звезда" порталына берген сұқбатында.

Нерсисян Болянды "жөні түзу, патриот адам" деп атады. Сондай-ақ, чемпионның кәсіпкерлікпен айналыспағанын мәлімдеді.

 sputnik




Көрілген: 1358    Пікірлер: 0

жұма, 15.11.2019, 12:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30