Шартарап

Той әнін тыңдаған 63 тауық өліп қалды

  • Той әнін тыңдаған 63 тауық өліп қалды

    Той әнін тыңдаған 63 тауық өліп қалды

Үндістанда той кезінде 60-тан аса тауық қырылып қалды. Оқиға Баласор қаласында, той өткен орынға жақын жердегі құс фабрикасында болған. Бұл туралы Times of India басылымы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Анығында, 63 тауық өліп қалған. Мамандардың айтуынша, тауықтардың қырылуына той музыкасы себеп болған. Құс фабрикасының иесі полицияға шағым түсіріп үлгерді. 

Ол той шеруі фабрика жанынан өткен соң, тауықтардың өліп қалғанын шағымында жазған. 

 
"Бірақ күйеу жігіттің достары маған айқайлап, музыканың даусын жоғарылатты. Олар менің құс фабрикамның алдына әдейілеп 15 минутқа тоқтады", - деді фабрика иесі полицейлерге. 

Той тойлаушылар кете салысымен, құстар өліп қалды. Ветеринарлардың айтуынша, тауықтар жүрек талмасына ұшыраған. 

"Менің фермамда 2000-ға жуық тауық бар еді. 63 өлі тауықтың әрқайсысының салмағы - 3 келі. Шамамен 25 мың рупи шығынға баттым. Өлі тауықтар әлі де фермада жатыр, себебі полицейлер тергеу аяқталғанға дейін оларды тастамауды сұрады", - деп түйіндеді сөзін фермер. 

Полиция аталған факті бойынша тергеу амалдарын бастады.

Stan.kz




Көрілген: 3309    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2021, 16:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31