Тойға бірнеше күн қалғанда қалыңдық пен ата-анасымен бірге көз жұмды
Оңтүстік Африка республикасының тұрғыны үйлену тойына бірнеше күн қалғанда коронавирустан қайтыс болды деп хабарлайды РИА Новости.
 
Дурбан қаласының 26 жастағы тұрғыны Зои Фрешуотер 11 жылдан бері кездесіп жүрген жігітімен шаңырақ көтермек болған.
 
Қос ғашықтың үйлену тойы өткен жылдың желтоқсан айының соңында өтуі тиіс еді.
 
Алайда қалыңдық аяқ астынан коронавирустың белгілерін сезіне бастаған. Дегенмен ол мұны той алдындағы күйзеліспен, дайындықпен байланыстырыпты.
 
Денсаулығына мән бермеген ару ауруы асқынып, 25 желтоқсанда қайтыс болған.
 
Басылымның жазуынша, COVID-19 инфекциясын Фрешуотердің ата-анасы да жұқтырған екен.
 
Қалыңдықтың 63 жастағы әкесі Грег 23 желтоқсанда, ал 52 жастағы анасы бір тәуліктен кейін өмірден өткен.
 
Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегінше, бұл елде 1,2 миллион адамнан ауру анықталған. Соның ішінде 33 мыңнан астам адам вирустың құрбаны болған.