Шартарап

Тұрғын үйдің опырылуынан қаза тапқандар саны 22-ге жетті

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Сенбі күні Каирде көпқабатты тұрғын үйдің опырылып түсуі салдарынан қаза тапқандар саны 22 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Extra News телеарнасына сілтеме жасап.

 

Бұған дейін 18 адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланған еді. Үш адамның табылмай жатқаны айтылған. Оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 25 адам құтқарылды.

 

Қайғылы оқиға түнде ел астанасының шығысындағы Гиср-эс-Суэйс атты халық тығыз орналасқан ауданда болды.

 

Құтқарушылар күні бойы тірі қалғандарды іздеп, арнайы техниканың көмегімен үйінділерді бөлшектеді. Кешке мамандар көрші ғимараттардың құрылымдарына төнетін ықтимал қауіпті анықтау үшін құлаған 10 қабатты ғимаратқа жақын орналасқан ғимараттарды тексеруге кірісті.

 

Алдын ала мәліметтер бойынша, үй иесі үстіңгі алты қабатты заңсыз қосып салған. Бастапқыда, 2011 жылы салынған үйде, төрт қабат болған.

 

Куәгерлердің айтуынша, бірнеше күн бұрын бірінші қабатта орналасқан дүкенде оның иесі қабырғаларды тесіп, бірнеше тірек бағандарын бұзып, қайта салуды бастаған.

 




Көрілген: 679    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.03.2021, 15:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31