Шартарап

Туристерге жағажайда жалаңаш жүруге тыйым салынды

  • https://www.misstourist.ru/

    https://www.misstourist.ru/

Африка құрлығындағы Танзанияның Занзибар аралына тынығуға келген туристердің жағажайда жалаңаштанып жүруі жергілікті мұсылман халықтың наразылығын тудырды.

 

Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Турист тарту үшін олардың көңіл хошын табу керек дейтін жаңсақ немесе жалған түсінікке тойтарыс беру мақсатында жергілікті жағажайда я болмаса аталған аралда жалаңаштанып жүруге тыйым салынды.

 

Жергілікті билік тарапынан. Әр елдің салты басқа &ndash бөгде елдің заңын сыйлау, шаңыраққа қарау дейтін адамзатқа тән ортақ ұстанымды алға шығарды.

 

Десе де бұл тыйым Танзания аумағында 2015 жылдан бері салынғанымен соңғы жылдары аталған елге туристердің қаптап келуінен аталмыш тыйым елеусіз қалған болатын.

 

Ендігі жерде турист әйелдер тізеден жоғары белдемше, иығын, көкірегін бүркемелемейтін киім кимеуі тиіс, кіндігін жауып жүруі керек. Ал ер адамдарға денесін жалаңаштап жүруге тыйым салынды.

 

Әлбетте, мұндай тыйымды бұзғандарды бірден бас салып, жазаламайды, алдымен ескерту жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

 

Егер ескертуге де құлақ аспаса, тыйымды бұзған туристке 700-ден бастап 5000 долларға дейін айыппұл салады. Тіпті, айыппұл салғанға да айылын жимағандарды абақтыға жабады.

 

Міне, осылай &ndash біреудің үйіне аяқ киіммен кірмейсің ғой, ендеше, жергілікті халықтың салты мен заңын құрметтеуіңіз керек.

 

 

 




Көрілген: 322    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.02.2021, 19:31

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30