Шартарап

Түркияда жер сілкінді (фото, видео)

  • Түркияда жер сілкінді (фото, видео)

    Түркияда жер сілкінді (фото, видео)

 24 қаңтарда Түркияның шығысында 6,8 баллдық жер сілкінісі болды. 18 адам қайтыс болды, тағы 30-дан астамы іздеуде, кем дегенде 225 адам жарақат алды деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail-дің хабарлауынша, эпицентр орталығы Элазиг провинциясындағы Сивридж қаласының маңында болған. Алғашқы соққының күші 6,8 баллға тең болды, содан кейін 5,4 баллдан 3,5-ке дейін жер сілкінісі болып өтті. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, жер асты дүмпулері 10 шақырым тереңдікте болған.

Елдің қорғаныс министрі Хулуси Акар құтқару топтары апат аймағына жіберілгенін айтты. Барлығы 100-ден астам тұрғын үй қирады.

Түркиядан басқа жер сілкінісі Сирияның солтүстігінде, Ливан мен Иракта сезілді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бес аймағында дауылды ескерту жарияланғанын хабарлаған едік.

Қазақстандық ауа-райы қызметінің мамандары елдің бес аймағының тұрғындарын алдағы үш күнде 2020 жылдың 23-25 қаңтар аралығында күтілетін қатал ауа-райы туралы ескертті.

Солтүстік Еуропа мен Ресей елдерінен келген атмосфералық фронттар Қазақстан арқылы қозғалысты жалғастырады. Нәтижесінде күшті жел тұрып, мол жауын-шашын болады.

Zakon.kz




Көрілген: 586    Пікірлер: 0

сенбі, 25.01.2020, 11:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29