Түркияның оңтүстігінде жарылыс болды

27 қазан 2020, 16:12

Түркияның оңтүстігіндегі Хата провинциясының Искендерун қаласында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

 

Келеңсіз жағдайдың қаланың орталық бөлігіндегі Фенер көшесінде орын алғаны хабарланды. Жарылыс аумағында көлік қозғалысы тоқтатылды.

 

Оқиға орнына жедел жәрдем және полиция бөлімшелерінің көліктері келіп жетті.

 

Хатай әкімшілігінің мәліметінше, ешкім зардап шекпеген.

 

Әкімшіліктен жарылыс қауіпсіздік күштерінің лаңкестік әрекет жасады деген күдік келтірілген екі ер адамның бірі өлтіргеннен кейін орын алғаны хабарланып отыр.

 

Кейінірек Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу шабуыл жасауға қатысы бар Күрд жұмысшылар партиясының (КЖП) екі лаңкесі өлтірілгенін мәлімдеді.