Шартарап

Тұтас қоғамды дүрбелеңге салған қылмыстың беті қалай ашылды?

  • ВВС

    ВВС

2021 жылдың мамыр айының 11-і күні күллі Грекия қоғамында дүрбелең тудырған қылмыстың беті ашылды. Бұл жайында islam.kz порталы ВВС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Басынан бастасақ, Кэролайн Крауч есімді 20 жастағы британиялық әйелдің жансыз денесі өз үйінен табылған.

 

Оның 33 жастағы, мамандығы ұшқыш күйеуі Бабис Анагностопулостың айтуынша, Афина қаласындағы үйіне ұш ұры түсіп, зайыбын байлап-матап, буындырып өлтірген.

 

Алайда, арадан бір ай өткенде әйелдің өз күйеуінің қолынан қаза тапқаны анықталды.

 

Кэролайн Крауч Ұлыбританияда дүниеге келген, грек жеріне балалық шағында ата-анасымен бірге келге.

 

Бабис Анагностопулоске тұрмысқа шыққаннан кейін олар қала шетіндегі, дәлірегі, Афина маңындағы Глика-Нерадағы үйге бөлек шығады.

 

Полиция, Бабис Анагностопулостың айтуынша, әйелін өлтіріп, 15 мың долларды жымқырып кеткен күдіктілерді іздестіреді, тіпті, қылмыскерлерді тауып бергендерге 300 мың еуро сыйақы тағайындалады.

 

Мұндай күдікпен Грузия тумасы ұсталады, артынан оның бұл қылмысқа қатысы жоғы белгілі болады.

 

Көп ұзамай Кэролайн Краучтың қанын мойнына жүктеген шын қылмыскердің ізіне түседі. Ол – күйеуі Бабис Анагностопулос болып шығады.

 

Полиция оны қалай анықтады?

 

Гаджетке жүргізілген техникалық сараптама нәтижесі көрсеткендей, Кэролайн Краучтың ақылды сағаты күйеуінің өтірігін әшкере етеді – күйеуінің полицияға айтуынша бойынша Кэролайн Крауч бақилық болған кезде оның жүрегі дүрсілдей соққанын көрсетіп берген. Ал Бабис Анагностопулостың телефонындағы белсенділік датчигі оның байлаулы жатқан кезде оның бөлмелер арасында арлы-бері жүргенін көрсетіп берген.

 

Оның үстіне, қылмыстың барысы мен уақыты Бабис Анагностопулостың айтқанындай емес, үйдегі бақылау камерасы басқаша екенін әйгілеп берген.

 

Осылайшы осы заманғы озық технологияның арқасында қанды қылмыстың беті ашылды.

 

Табаны күректей сегіз сағатқа созылған тергеу кезінде ақыры Бабис Анагностопулос қылмысты өзі істегенін мойындауға мәжбүр болды.

 

Аталмыш қылмысқа қатысты тергеудің маңыздылығы соншалық, ұлттық теледидар Еуро-2020 футбол чемпионатын үзіп, тергеудің нәтижесін рет-ретімен жариялап, хабарлады.

 

 

 




Көрілген: 566    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.06.2021, 08:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31