Шартарап

Тұтас мемлекетте ішімдікке тыйым салынатын болды

  • https://islamnews.ru/

    https://islamnews.ru/

Индонезия билігі ел аумағында ішімдікті өндіруге, сатуға, тұтынуға, тасымалдауға сақтауға, т.б. тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Jakarta Post мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Аталған ақпарат көзінің жазуынша, аталған елдің үш бірдей партиясы осындай бастама көтерген көрінеді.

 

Егер аталған бастама билік тарапынан ресми қолдау тапса, бұл тыйымды бұзғандар, дәлірегі, ішімдікті өндіріп, саудаға шығарғандар екі жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 70 мың долларға дейін айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

 

Ал ішімдікті тұтынғандар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылып, 3 мың долларға дейін айыппұл арқалайды.

 

Парламент депутаттарының айтуынша, бұл заң жобасы елдегі мұсылман тұрғындарды ішімдік ішу салдарынан болатын қылмыстардан қорғауға бағытталған.

 

Аталмыш заң жобасы 2020 жылы қарастырылатын ұлттық заңнама бағдарламасына енгізілді.

 

Осы тұста мұндай бастама 2015 жылы көтеріліп, туризм секторындағы бизнес пен ішімдік өнеркәсібінің өкілдеріның наразылығымен аяқсыз қалған болатын.

 

 




Көрілген: 697    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.11.2020, 15:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31