Шартарап

Үндістанда әлемдегі ең қауіпті вирустардың бірі өрши бастады

  • Үндістанда әлемдегі ең қауіпті вирустардың бірі өрши бастады

    Үндістанда әлемдегі ең қауіпті вирустардың бірі өрши бастады

Үндістанда өлімге әкелетін нипах вирусы өрши бастады. Аурудың белгілері 11 адамнан анықталды деп хабарлайды РИА Новости.

Ауру ошағы Керала штатында тіркелді. Штаттың денсаулық сақтау министрі Вина Джорджтың айтуынша, дертті жұқтырғандардың жағдайы тұрақты деп бағалануда.

"Кожикоде ауруханасы мен медициналық колледжінде 38 адам оқшауланған, олардың 11-де ауру белгілері пайда болды. Сегіз адамның сынамасы Ұлттық вирусология институтына сараптамаға жіберілді", - дейді Джордж.

Алайда, қазірдің өзінде вирустан қайтыс болған адам бар. Ол - 12 жастағы бала. Бүгінде дәрігерлер қайтыс болған баламен байланыста болған 251 адамды тексеруде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нипах вирусын әлемдегі ең қауіпті вирус деп сипаттайды. Вирус жарқанаттар мен түлкілер арқылы таралуы мүмкін. Адам құрамында жануардың сілекейі бар тағамды жесе, дертті жұқтырады.

Өкінішке қарай, бұл вирустың емі жоқ, өлім деңгейі өте жоғары - 40-75 пайыз. Еске салсақ, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың "Му" атты жаңа түрі тарала бастағанын мәлімдеген еді. Ұйым жаңа мутация ерекше бақылауда болатынын хабарлады. Коронавирсутың "Му" нұсқасы B.1.621 атымен де белгілі.

Ол әлемнің 39 елінде таралып үлгергендіктен, 30 тамызда ДДСҰ оны бақылаудағы аурулар тізіміне енгізуді ұйғарған. 

sn.kz




Көрілген: 416    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.09.2021, 14:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31