Шартарап

Үндістанда жаппай тәртіпсіздік қыза түсті

  • Үндістанда жаппай тәртіпсіздік қыза түсті

    Үндістанда жаппай тәртіпсіздік қыза түсті

Делидің тарихи орталығында ондаған мың үндістандық шаруа тағы ереуілге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасай отырып.

Сейсенбіде наразылық шеруі полицияның қарсылығына қарамастан тәртіпсіздіктерге ұласты. Наразылық білдірушілерді тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ бен жарық пен шу шығаратын гранаталарын қолданды. Салдарынан бір шаруа қайтыс болды, бірнеше полиция қызметкері жарақат алды.

"Сіздер көріп тұрған тракторларымыз - саяси өзгерістер мен революцияның символы!"- деп мәлімдеді акцияға қатысушылар.
 
Шаруалар Үкіметтің ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағаларын еркіне жіберу туралы шешіміне наразылық білдіріп жатыр. Олардың пікірінше, ауыл шаруашылығын либерализациялау онсыз да төмен кірістен айырады.

"Біз премьер-министрге Үкіметтің оған емес, шаруаларға тиесілі екенін айтамыз. Бәрі біз қалағандай болады. Кедейлерге заң жүргізуіне құқығы жоқ", - дейді фермерлер.
Шаруалардың наразылығы қараша айының соңынан бері жалғасып келеді. Осы уақыттан бастап наразылық білдірушілер Делидің шетіндегі лагерьде тұрады.

Кезекті наразылыққа ұлттық мереке - Республика күні себеп болғаны айтылады. Ашулы топ қала орталығына кіргеннен кейін, билік интернетті өшіруді бұйырған. Үндістанның ішкі істер министрі Амит Шах шаруалардың наразылығы аясында Нью-Делиге қосымша әскер кіргізуді бұйырды.




Көрілген: 346    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.01.2021, 09:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31