Шартарап

Үндістанда қос мутациясы бар коронавирус анықталды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Үндістан билігі ел тұрғындарынан алынған анализдерден бұрын кездеспеген қос мутациясы бар коронавирус анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

 

Қазіргі кезде сарапшылар бұл штамның қаншалықты жұқпалы екенін және оның вакциналарға төзімділігінің деңгейін тексеру үстінде.

 

18 штатта алынған 11 мыңға жуық анализдің ішінен мамандар 771-інің ғылымға бұрыннан белгілі вирусты анықтады. 736 анализ нұсқасынан британдық вирус, 34-інен – оңтүстікафрикалық вирус және бір бразилиялық вирус анықталған.

 

Бұл ретте, мамандардың айтуынша, көптеген штамдардың бар болуы ауруға шалдығудың өршуімен тікелей байланысты емес.

 

Сәрсенбі күні Үндістанда коронавирус жұқтырудың 47 262 жаңа оқиғасы мен 275 өлім жағдайы тіркелген – бұл биылғы жылда тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

 

Құрамына елдің Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен 10 жетекші ұлттық зертхана кіріп отырған Үндістанның SARS-CoV-2 геномикасы жөніндегі консорциумы (INSACOG) вирустың соңғы үлгілерін гендік жағынан зерттеді. Нәтижесінде батыстағы Махараштра штатынан жиналған үлгілердің болмашы бөлігінен өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда E484Q және L452R мутацияларының үлесі байқалып отырғаны анықталған.

 

Вирустар мутацияға жиі ұшырап отырады, алайда олар уыттылықтың артуы немесе аурудың асқынуына әкелмейді. Олай болғанымен, кейбір мутациялар, мысалы, британдық немесе оңтүстікафрикалық мутациялары вирусты бұдан да жұқпалы, тіпті өлімге әкелетіндей ете алады.

 

 




Көрілген: 601    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.03.2021, 09:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31