Шартарап

Ұйықтап жатып қайтыс болды: Ер адам коронавирусты асқазан ауруымен шатастырған

  • https://ru.depositphotos.com/

    https://ru.depositphotos.com/

Ұлыбританияның Херн-Бэй қаласының тұрғыны коронавирусты асқазан ауруымен шатастырып, ұйықтап жатқанында қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның қызы айтты, деп хабарлайды KentOnline. 

 

Мишель Киннің 60 жастағы әкесі мен анасы коронавируспен қараша айында ауырған. Ері-зайыптылар індет жұқтырғанын білмеген, өйткені ауру белгілерін сезінбеген.

 

«Бір күні таңертең анам оянып, әкемнің ұйықтап жатып қайтыс болғанын білді», &ndash деп еске алды Мишель.

 

Өлімнен кейінгі тексеру ер адамда COVID-19 барын анықтады. Осыдан кейін қызы анасының да сынама тапсыруын өтінеді.  Тексеру барысында әйелдің қанында оттегінің деңгейі тым төмендеп кеткені белгілі болған.

 

Дәрігерлер егер пациент сол күні дәрігерлерге жүгінбесе, келесі күні ұйқысынан оянбай қалуы мүмкін еді дейді.

 

Мишельдің анасы ауруханада екі апта емделіп, үйіне оралды. Бүгінде жағдайы жақсы.

 

Мишель басқаларға коронавирустың қаншалықты қауіпті екенін түсіндіру үшін әкесінің өлімі туралы көпшілікке айтуды жөн көрген.

 

Ол сақтық шараларын ұмытпауға, атап айтқанда, үйден себепсіз шықпауға, қолды жиі жуып, қорғаныс маскаларын тағып жүруге шақырды.

 

 

turkystan.kz




Көрілген: 449    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 12:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28