Шартарап

Заңсыз басып алынған үйді көшіруде полиция қызметкерлері жараланды

  • Заңсыз басып алынған үйді көшіруде полиция қызметкерлері жараланды

    Заңсыз басып алынған үйді көшіруде полиция қызметкерлері жараланды

Берлин орталығындағы ескі нысанды көшіру кезінде құқық қорғау органының 46 қызметкері жарақат алды. Бұл туралы Берлин полициясының хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Копеникерштрасседе орналасқан "Кепи" кешенінің тарихы 1990 жылы Берлин қабырғасы құлағаннан кейін, Батыс Берлиннің солшыл белсенділері ғимарат пен оның ауласын басып алған кезден басталады. Бұл аумақта кемінде 46 белсенді тұрған.

Көшіру жұмада басталып, оған 3 мың полиция қызметкері қатысқан. Кешке қарай көшеге бес мыңнан астам ғимаратты қорғаушылар шығып, полицияға тас пен бөтелке лақтыра бастаған.

Оларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданылып, нәтижесінде 76 адам ұсталған.

Осындай нысандар - әртүрлі субмәдениет өкілдері басып алған бос немесе аяқталмаған ғимараттар, олар тегін тұрғын үйге айналады. Берлин қабырғасы құлап, тұрғындар батысқа кеткендіктен, шығыс бөлікте көптеген тастанды үйлер қалған. Бұл ғимараттарды солшыл белсенділер басып алған.




Көрілген: 658    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.10.2021, 20:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31