Шартарап

Заңсыз байыған шенеуніктерді жазалайтын Заң енгізбекші

  • Заңсыз байыған шенеуніктерді жазалайтын Заң енгізбекші

    Заңсыз байыған шенеуніктерді жазалайтын Заң енгізбекші

Украинаның жаңадан сайланған Президенті Владимир Зеленский Жоғарғы Радаға елде заңсыз байыған коррупционерлерді жауапкершілікке тарту жөніндегі Заң жобасын ұсынды. Егер ол қабылдана қалса, бұрынғы-соңғы көптеген шенеуніктерге қиын болайын деп тұр. 


Бұл Заң жобасы бойынша шенеуніктің заңсыз баюға негіз болды деп танылған активтері азаматтық сот шешімі негізінде тәркілеуге жатады. 


Егер бұл Заң қабылдана қалса, онда бұрынғы жабылып кеткен көптеген істер де қайта қаралуға жатады. Жалпы заңсыз деп танылған активтердің барлығы да мемлекет меншігіне алынады. Заңсыз баюға қатысты деп танылған меншіктері тәркіленуі өз алдына, бірталай шенеуніктердің қылмыстық жазаға тартылып кетуі де ғажап емес. Ал қылмыстық жазада айыптыны 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айы­ру мәселесі көзделген. 


Заң жобасына байланысты заңсыз баюға қатысты деп танылған істерді арнайы құрылым зерттейді, ол назарға іліккен адамның кірістері мен активтерін салыстырады, сосын жинал­ған материалдарды Коррупцияға қарсы сотқа тапсырады. Ал істі түбегейлі қарау Коррупцияға қарсы Жоғарғы Соттың құзырына берілмек. Қылмыстық жаза заңсыз баюға қатысты деп танылған активтер БҰҰ Конвенциясында бекітілген мөлшерден асқан жағдайда қолданылмақ. 


Жарияланған деректерге қарағанда, Украина Президентінің Жоғарғы Радаға ұсынған бұл Заң жобасын елдегі беделді сарапшылар, Халықаралық валюта қоры, Әлемдік банк, АҚШ прокурорлары қолдап отыр екен. Яғни бұл оның қабылдануы әбден мүмкін деген сөз. 


"Замана".




Көрілген: 1103    Пікірлер: 0

сенбі, 15.06.2019, 15:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31