Шартарап

Зорлаған ер адамнан кек алған әйел темір торға қамалды

  • CC0 / StockSnap

    CC0 / StockSnap

Чувашия тұрғыны өзін зорлаған ер адамды өлтіргені үшін сот алдына келді. Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитеті өңірлік басқармасының сайтында хабарланған.


Былтыр ақпан айында ер адам әйелді зорлап, жәбірленуші кек алуға бекінеді. Ол танысымен бірге өзара келісіп, зорлықшының пәтеріне келіп, ер адамды елсіз жерге алып барады да, ұрып-соғып, металл сыммен қылқындырады. Ер адам жан тапсырған соң, екеуі оқиға орнынан қашып кеткен.


Бір ай өткен соң қаза тапқан ер адамның туыстары оның жоғалып кеткені туралы полицияға арыз береді. Марқұмның денесі сәуір айында қар еріген шақта бір-ақ табылыпты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктілерді анықтап, олардың үстінен қылмыстық іс қозғады.


Сот істің екі фигурантын да қамауға алды. Кісі өлтіру бабы бойынша айыпты деп танылған сотталушы 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


 Sputnik




Көрілген: 519    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.04.2019, 09:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31