Шежіре - Қыпшақ руы

Шежіре - Қыпшақ руы

Қыпшақ руы — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.

"Алаш айнасы" интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі (қазақша “Қыпшақтану”). Махмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрлі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырдада бөлініп шықты. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13 — 14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Н.А. Аристов қазақ халқының құралу кезінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық, т.б. Қыпшақ рулары болған деп көрсетсе, В.В. Радловтың айтуынша ол кезде Қыпшақ тайпасы құрамында торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын рулары болған. Қазақ шежірелерінде 92 баулы Қыпшақ деп аталады, бірақ ешқайсысында оның барлығы бірдей таратылмайды. Шежіре бойынша Қыпшақтардың өсіп-өнуі төмендегіше сипатталады: Қыпшақтардан ақтамсопы, одан құлан-қытай, одан сүлімалып, одан кебекалып, одан мүйізді сарыабыз. Мүйізді сарыабыздан қытай-қыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ, құланқыпшақ тарайды. Қазақ құрамына енген Қыпшақ шежіресі бойынша, қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасына (ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық, торы) бөлінеді.

Қыпшақ даласы.
Қарақыпшақтан басқа үшеуі туралы мәлімет жоқтың қасы. Әйтсе де Қыпшақтарды Орхон жазбаларында “сір” (мүмкін “сары”), 9 ғ-да қимақтар ығыстырған кезде шары (сары) деп атаған. Бірқатар ғалымдар (Аристов, Г.Е. Грум-Гржимайло, Л.Н. Гумилев, т.б.) Қыпшақтардың сырт пішіні әуелде еуропалықтарға ұқсас болды дегенді айтады. Қазақстанда жүргізілген антропологиялық зерттеулер орта ғасырларда Қыпшақ мекендеген жерлерде моңғолдық және еур. нәсілдер аралас қоныстанғандығын көрсетеді. Сондай-ақ шежірелерде келтірілген қытай-қыпшақ атауы да ежелгі замандарда Қытаймен көршілес отырған Қыпшақтардың атауы болуы да мүмкін. Қарақыпшақтан тараған Қобыланды батыр 15 ғасырда көшпелі өзбек мемлекетін билеген Әбілхайыр ханның замандасы ретінде сипатталады. Қай өңірді жайласа да, Қыпшақ белгілі бір халықтың әр түрлі тобы есебінде ғана көрінген, бірақ бір тілде сөйлеп, бір тектес болған. Қыпшақ қазақтан басқа да түркі халықтарының (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, қарашай, әзербайжан, түркімен, балқар, т.б.) ұлт болып қалыптасу барысында елеулі рөл атқарды. Қазақ халқының құрамына енген Қыпшақ, негізінен, [Сыр бойын, Арқа өңірін, Солтүстік-Батыс Қазақстан (Ақмола, Қостанай, Торғай) аумағын мекендеді. Қыпшақтардың ұраны — Ойбас, таңбасы — екі тік сызық (ІІ, қос әліп).
Еуразия. Еуразиядағы қыпшақтардың шекарасы, XIғ соңы — XIIғ басы.
Қыпшақтар — XI ғасырдың басында бұрынғы қимақ, қыпшақ және қуман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарым- қатынас орнатуға жеткізді.
XI ғасырдың екінші ширегінде қыпшақтардың әскери-тайпалық шонжарлары Сырдарияның теменгі және орта аңғарынан, Арал өңірі мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабғуларын ығыстыруына экономикалық та, саяси себептер де болған еді. Саяси фактор ең алдымен XI ғасырдың бас кезінде Орталық Азия тайпаларының батыс бағытында қозғалуына ұласқан сыртқы оқиғаларға байланысты болатын. Сонымен бірге қыпшақтардың өзін-әзі билеуге және өз мемлекетін құруға ұмтылған әулеттік топтардың орталықтан аулақтау сарынының маңызы аз болған жоқ. XI ғасырдың бірінші жартысында күшейген қыпшақ тайпаларының көсемдері, тегінде, жайылымдық жерлердің тапшылығына ұшырап, сонымен қатар Еділ бойы, Үстірт және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы өтетін аса маңызды сауда жолдарын өз бақылауына алуға ұмтылған болса керек. Азияны Еуропамен жалғастырып жатқан жолдың бұл учаскесі маңызды баю жолдарының бірі ретінде мейлінше қажетті болатын.
Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне қарай XI ғасырдын 2-ширегінің басында «Оғыздар даласы» (Мафазат әл-гузз) деген атаудың орнына «Қыпшақтар даласы» (Дешті Қыпшақ) деген атау пайда болды. Маңғыстауды, сондай- ақ оған жапсарлас жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Хорезмнің солтүстік шегіне жақындап келді. Сол арқылы қыпшақтардың саяси ықпалы едәуір кеңейді. XI ғасырдың ортасында құмандардың негізгі бұқарасы мен билеуші токсоба және бұржоғлы руларының қол астындағы қыпшақ тайпаларының үлкен топтары оңтүстік орыс және Қара теніз өңірі далалары мен Византия шекараларына дейін қоныс аударды. Осы оқиғалардың нәтижесінде қыпшақ тайпаларының жері этноаумақтық екі бірлестікке: Еділ өзені бөліп жатқан Шығыс қыпшақ және Батыс қыпшақ бірлестіктеріне бөлінді. Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысы ханының билігінде болды.
Қыпшақ хандығының саяси негіздері қыпшақ және қуман тайпаларының едәуір топтарьшың Шығыс Дешті Қыпшақға орталықтан аулақтау ниеттерімен жасаған қоныс аударуынан кейін XI ғасырдың орта шенінде едәуір нығайды. XI ғасырдың екінші жартысынан XII ғасырдың бірінші үштен біріне дейін қыпшақ хандарының саяси бірлігінде де біршама тұрақтылық байқалады, солардың ішінен деректемелерде ен елеулі екі билеуші — «құдіретті» билеуші және «ең үлкен құрметке ие патша» бөліп айтылады. Бұл айтылғандар қыпшақтардың этно- әлеуметтік қауымында ерекше ықпалы бар билік иелері жоғарғы хандар болған деп санауға мүмкіндік береді.
Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Елбөрілі әулеттік ру саналған, хандар солардан шыққан. Тарихшы Джузд- жани (1260 жылдан кейін қайтыс болған) қыпшақ ханынын әлеуметтік руы туралы мынадай құнды мәліметтер келтіреді: жас кезінде Қазақстан аумағы- нан Үндістанға монғолдардан қашып барған «(ұлы) ханның асқан ұлы ұлығы», Дели сұлтанатында ол «Елбөрі ханы және имектердің шахы» ретінде белгілі болды. «Ұлық-ханның әкесі де, — деп жазады одан әрі Джузджани, — Елбөрі тайпасының арасында күшті кісі болған және хан атағымен аталған», ал оның атасы Елбөрі Абар-ханның ұрпағы саналады. Демек, Абар-хан қыпшақтардың әулеттік елбөрі (елбөрілі) руының генеалогиялық негізін қалаушыдан басқа ешкім де емес.
Осыған байланысты Махмұд Қашғаридың қыпшақтар арасындагы Табар-хан есімді тұлға туралы мәліметі назар аудартады. Алайда ол Табар-хан жөнінде ешқандай қосымша мәліметтер келтірмейді. Ал барлық жағынан алып қарағанда, Табар-хан мен Абар-хан бірақ адам. Осыны негізге ала отырып, Табар-хан (немесе Абар-хан) XI—XIII ғасырдың басындағы Қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы болған деуге болады.
Орда деп аталған хан ордасында ханнын мал-мүлкі мен хан армиясын басқарған ханның басқару аппараты орналасты. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандары ертедегі түріктердің дәстүрлерін ұстанып, екі қанатқа: ордасы Жайық өзенінде, Сарайшық қаласы орнында орналасуы ықтимал оң қанатқа және ордасы Сығанақ каласында (Сырдарияда) орналасқан сол қанатқа бәлінді. Неғұрлым күштісі он қанат болды. Дұрысына келгенде, хандықтың орталығы Торғай далаларында болса керек. Әскери ұйым мен әскери-әкімшілік басқару жүйелеріне ерекше мән берілді, өйткені олар кешпелі тұрмыстың ерекшелігін көрсетті және көшпелі тіршілік әдісі үшін ең табиғи және қолайлы болды. Үстемдік еткен ақсүйек топтарының қатаң иерархиялық жүйесі (хандар, тархандар, югурлар, басқақтар, бектер, байлар) айқын көрсетілді, сонымен қатар рулар мен тайпалар да өздерінің әлеуметтік маңызы жағынан бөлінді. Орталық Азияның көшпелі мемлекеттерінде рулар мен тайпалардың қатаң иерархиясы қоғамдык және мемлекеттік дамудың негізгі принцип болды.
Қыпшақ хандығында мемлекеттік істер жүргізіліп, ақсүйектер көршілес және алыстағы елдердің билеушілерімен хат жазысып отырды. Жазба деректерде қытай, үнді, ұйғыр ғұламалары мен данышпандары қатарында, қыпшақтан шыққан оқымыстылар да аталады. Қыпшақтардың мұсылман дініне тартылуы олардың мәдени-әлеуметтік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді.

Қоғамы өркениетінің өзіндік ерекшелігі
Қыпшақ көшпелі қоғамы өркениетінің өзіндік ерекшелігі — оларда байланыс желісінің өте жетілдірілгендігі болып табылады. Қыпшақтар елінде қолданылған коммуникациялық байланыстар жүйесі сол кездің «техникалық» прогресінің ең жоғарғы талаптарына сай келетін. Осыған байланысты XI—XIII ғасырдың басындағы қыпшақтардың этникалық аумағының кең- байтақ кеңістігі олардың қоғамының коммуникациялық мүмкіндіктеріне сәйкес болғанын атап өту жеткілікті.

Әлеуметтік және сословиелік жағы
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға жеке меншік еді. Жылқы басты байлық саналды. Орта ғасырлардагы авторлардың хабарлағанындай, қыпшақтар елінде көптеген адамдар бірнеше мың жылқы, ал олардың кейбіреулері он мың және одан да көп үйірлі жылқыны иеленген.
Қыпшақ тайпаларынын көшіп-қонуы тез малшы топтары жүздеген, ал кейде мыңнан да астам шақырым жерге көшіп жүрді. Олардың көшетін аумағы тарихи дәстүрлерге, байлық дәрежесіне және табиғат жағдайларының сипатына қарай әр түрлі болып отырды. Негізгі жайылымдардың орны мен көшу жолдары, сан ғасырлық, тәжірибе ұрпақтардың бойында қалыптасты. Осыған байланысты «отан» (этникалық аумақ) ұғымына «жайылымдық жер», «жайлау» және «қыстау» ұғымдары арқылы ой жүгіртуге болады. Тұрақты көшу жолдарын елеулі экономикалық, әлеуметгік немесе саяси себептер ғана өзгерте алатын. Көшу жолдары мен жайылымдарды бөлу қоғамның қалыпты тіршілігін қамтамасыз еткен жайылымдық-көшпелі жүйенің негізгі шарты болды. Мал ұрлау қатаң жазаланды, дағдылы құқықтың (төре) орныққан нормалары бойынша жазаланды деп есептелді. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгілер (таңбалар) салынды. Малынан айырылған, демек, көшу мүмкіндігін жоғалтқан еркін қауым мүшесі отырықшы тұрғындар-жатақтар (ятұқтар) қатарына өтті. Кедей ятұқтар жеткілікті мөлшерде мал пайда болысымен-ак, ол қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды. Қыпшақ қоғамында ен құқықсыз топ соғыс тұтқындары есебінен толықтырылып отыратын құлдар болды. Этникалық аумақ шептерінің көптеген ерекшеліктерін басқа халыктармен этникалық-саяси қарым-қатынастар анықтады. Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе хорезм шахтармен ерекше табанды күрес жүргізді. Егемендікті тану, әдетте, вассалдардың билеушілерге адалдыққа ант беріп, алым төлеуінен, оның соғыс жорықтарына өз қолдарымен қатысуынан көрінді. Салжұқтар әскерінің құрамы көбінесе қыпшақ көсемдері бастаған тайпалық топтармен толықтырылып отырды.
XI ғасырдың екінші ширегінде хорезмшахтар салжұктардың өктемдігіне қарсы қыпшақ және оғыз тайпаларынан тұратын әскер қолдарын қызметке кең келемде тартты. 1065 жылы салжұктардың билеушісі Алып Арслан хорезмшахтарды бағындырып, қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасады, онда қыпшақтардың жақсы бекінген қамалы орналасты. Қыпшақтарды бас идіруге көндірген Алып Арслан оғыздардың шағрақ тайпасына шабуыл жасап, олардың 30 мыңдык әскерін талқандады. Осыдан кейін салжұқ сұлтаны Жент пен Сауранға жорық жасады. Осы соғыс науқанының нәтижесінде қыпшақ тайпаларынын бір бөлігі уақытша Хорасан салжұқтарына тәуелділікке түсті. Осы тайталастар барысында қыпшақтар оғыз-салжұқтардың алқабұлақ тайпасын тұтқынға алса керек, бірақ соңғылары, Махмұд Қашғаридың айтуынша, олардан құдайдың көмегімен құтылып кеткен.
XI ғасырдың соңғы ширегінің аяғында Маңғыстауда және Каспий теңізінің шығыс жағалауында бұрынғысынша қыпшақтар билік жүргізді, оларға оғыз және түрікмен тайпаларынын жекелеген топтары саяси жағынан тәуелді болды. 1096 жылы «құдіретті» хан бастаған қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге жорық жасады. Алайда хорезмшахтардың қамқоршылары салжұқтар оларды Манғыстауға қайтуға мәжбүр етті.

Тайпалық және этникалық құрамы
XI ғасырдың бірінші жартысынан XIII ғасырдың басына дейін қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның өзі ең алдымен олардың жерінде – Шығыс Дешті Қыпшақта қыпшақ хандары күш-қуатының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберінде күшті әулеттік елбөрілі руы зандастырды.
XI ғасырдың орта шенінде қыпшақ жөне куман тайпалары батысқа қарай қозғала бастады. XI ғасырдың екінші жартысында оңтүстік орыс далалары шегінде болған саяси және этнографиялық өзгерістерді парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини атап өткен, оның мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшақ деген Дешті Хазардың нақ өзі. X ғасырда оңтүстік орыс далалары Дешті Хазар ретінде белгілі болған. Кумандар 1055 жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында айнытпай аударылған «половец» деген атпен кездеседі. Барлық жағынан алып қарағанда, «половецтер» терминін екі мағынада: дәл кумандарды білдіретін нақты және бүкіл қыпшақ тайпалары бірлестігіне қолданылған кең көлемдегі мағынада түсіну керек. Алайда жылнамаларда бұл мағыналары ажыратылмаған. Қыпшақтардың этникалық жер аумағы. Қыпшақтардың этникалық жер аумағының қалыптасу үрдісі этностың негізгі қоныстанған аймағының анықталуымен мейлінше тікелей байланысты.
Қимақ қағанының қол астында болған кең-байтақ жер XI ғасырдың басында әулеттік елбөрі руынан шыққан хандар бастаған қыпшақ шонжарларының қолына толық көшті. Қимақ тайпалары шығысында Алтай мен Ертістен батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құлынды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқаны мәлім. Қыпшақ хандары саяси дәуірлеуімен қоса-қабат, оңтүстік бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта және төменгі аймағын, Арал және Каспий өнірі далаларын Қыпшақ хандығының қол астына қаратты. Қыпшақ ақсүйектері Сырдария бойы қалаларының билеушілеріне айналды.

Қыпшақтардың Қазақстан аумағы
Қыпшақтардың Қазақстан аумағындағы көшіп жүретін аймағы Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу бойында болды. Маңғыстау мен Үстірттегі қыстауларынан қыпшақ рулары жаздыгүні Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендерінің аңғарларына кететін, Каспий теңізінің солтүстік жаға- лауынан жаздыгүні Еділ, Бала жоне Үлкен өзендерінің аңғарлары мен Оңтүстік Орал тауының етегіне көшіп баратын. Араб географы әл-Омаридің деректері қыпшақтардың тарихи қалыптасқан көшу жолдары болғанын дәлелдейді: «Қыпшақтардың хандары қысты Сарайда өткізеді, ал жайлаулары, бір кездегі Тұран жайлаулары сияқты, Орал таулары аймағында». Қыпшақ тайпаларының бірқатар рулары Арал өнірі мен Сырдария бойындағы аймақта қыстап, жаз кезінде солтүстікке, Қазақстанның орталық аудандарына кетіп отырған. Бірақ барлық жерде бірдей халықтың көпшілігі болған жоқ. Мәселен, Ертісте имектер (қимақтар) жинақы мекендеді, Арал өңірінде адам саны көп қанды тайпалары орналасты, ал Жайық пен Еділ арасында куман тайпаларынын едәуір топтары қоныстанды.
Қыпшақтармен бірге Батыс Қазақстанда оғыз жэне печенег тайпаларынын қалған топтары мекендеді, Сырдарияның төменгі ағысымен Маңғыстауда — түрікмендердің жекелеген топтары, этникалық жер аумағының шығысында наймандар, керейлер мен арғындар көшіп жүрді, ал Қазақстанның оңтүстігін көшпелі және жартылай көшпелі имек, қарлұқ, жікіл, ұран, қай тайпаларынын өкілдері мекен етті.

Шаруашылығы
Қыпшақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал шаруашылығы болды. Орта ғасырлардағы жазбаша деректемелерден қыпшақтардың жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсіргенін білеміз. Қыпшақтар малының кұрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Олардың мал шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының зор маңызы болды. Сондай-ақ қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Қыпшақтар қойдың екі тұқымын өсірген. Олар- дың едәуір бөлігі кішкене құйрығы бар, бірақ ұзақ кешуге өте бейімделген қой болған. Сонымен бірге құйрықты қой да өсірген; олар көктем алдындағы жемшөп жеткіліксіздігіне біршама жақсы тезетін еді.
Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ

Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.

Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.

Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған жаман екен,

Қара көзден мөлдіреп жай келеді.

Мына заман, қай заман, бағы заман,

Баяғыдай бола ма тағы заман?!

Атадан ұл, енеден қыз айырылды,

Көздің жасын көл-дария ағызамын.

Мына заман, қай заман, қысқан заман.

Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.

Топырақ пен аспаннан шаң борайды,

Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.

Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,

Қабырғама қара жер батты, Құдай.

Жаяу жүрсем, табаным ауырады,

Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!

«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.

Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.

Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.

Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.

Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.

Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.

Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.

Шежире для русскоязычных казахов

Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии.

Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков.

Казахи и шежире

Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды.

Современные шежире

Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов.

Шежире состоит из трех жузов

Старший жуз

Айдарлы

Акарыс

Аксакал

Албан

Алыбай

Асан

Байдибек

Байдолла

Байтерек

Бактияр

Беимбет

Бирманак

Ботбай

Дулат

Ескельды

Жалайыр

Жалманбет

Жансакал

Жаныс

Жаримбет

Жарыкшак

Жолдаболды

Ибраиым

Іле

Калыбай

Канлы

Караш

Кейкі би

Когам

Куйылдар

Курті

Меайкы

Мекрейіл

Ойсыл

Ошакты

Сакалды

Сары

Сарыуйсін

Сіргелі

Суан

Сыйкым

Сырманак

Толыбай

Узынсакал

Уйсіл

Шанышкылы

Шапырашты

Шегир

Шуманак

Шыбыл

Шымыр

Ысты

Средний жуз

Аргын

Атыгай

Ашамайлы

Баганалы

Базархан

Байталак

Балталы

Басентиин

Бахрам

Бегендык

Беймен

Бетке

Болаткожа

Елемес

Ергенши

Ер-Косай

Ескара

Жадик

Жаманбай

Жангулы

Жантекей

Жантели

Жастабан

Ители

Казыгул

Камбар

Канжыгалы

Карагерей

Каракас

Каракесек

Каракипчак

Карасопы

Каратай

Караул

Карауыл

Кенсадак

Керей

Кетбуга

Китайкипчак

Кокжарлы

Коккоз

Конырат

Котенши

Куандык

Куланкипчак

Кылдыбатыр

Кыпшак

Мадьяр

Матай

Мейрам

Меркит

Молкы

Мулкиаман

Наганай

Найман

Садыр

Сарман

Сарысопы

Суиндык

Суйениш

Таракты

Тобыкты

Токпак

Токтамыс

Тортеуыл

Тортул

Торыкипчак

Уак

Шегендык

Шеруши

Шимойлы

Шубарайгыр

Шубыртпалы

Младший жуз

Адай

Алаша

Алимулы

Алтын

Байбакты

Байсары

Байулы

Баксиик

Бериш

Есентемир

Жагалбайлы

Жаппас

Жетыру

Каракесек

Карасакал

Кердери

Кереит

Кете

Маскар

Ногай-казак

Рамадан

Султансиик

Табын

Таз

Тама

Тана

Телеу

Торткара

Шекты

Шенеш

Шеркеш

Шумекей

Ысык

Возникновение 3-х жузов

Вопрос о жузах также является не вполне решенным.

В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов.

Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов.

Причины образования жузов:

1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу.

2. Природно-географические (территориальные) факторы.

3. Военно-политические факторы (для защиты).

4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.).

Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее).

Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех.

Территории и основные роды и племена, составляющие жузы:

Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др.

Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д.

Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др.

Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов.

Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста