Шежіре

Шежіре: ТӨЛЕҢГІТ

  • ©Алаш айнасы иллюстрациясы

    ©Алаш айнасы иллюстрациясы

ТӨЛЕҢГІТ (теленгут, теленгит) – түрік әлемінің шығыс атырабында қалыптасқан ежелгі рулардың бірі. Түп негізі (толонко, доланьге) ғұн жұртының бір әулеті саналатын, қытай деректерінде гаогүй аталған Теле тайпа бірлестігінен бастау алады.

"Алаш айнасы" интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Жарақты әскері бір түмен, яғни бүкіл төлеңгіт – 10 мың шаңырақ, 50 мың жан шамасында болған. Ғұн ұлысына жалғас Ұлы Түрік қағанаты кезінде тоғыз-оғұз құрамындағы саны мол әрі жауынгер, негізгі рулардың қатарында, Толы өзенінің аңғарында жасапты. Алып мемлекет екіге бөлінгенде Көк Түрік – Шығыс қағанат құрамында қалады. Бұл кезде Ұлы Даланың орталық-шығысындағы Запқан өзенінің бойында қоныстанған екен. Көк Түрік ұлысы ыдырағаннан соңғы қырқыс, бұлғақ замандарда саны азайып, қуаты да кеміп, Байкөл маңы, Саянның сыртына қарай ығысқаны байқалады. Бұл кезде әуелгі қуатты қауымның кейбір бұтақ, бөлшектері Ұлы Дала шегінде қалған басқа бір іргелі тайпалардың құрамына кіргенін көреміз. Мәселен, Рәшид-әд-Диннің көрсетуінше, он ата жалайырдың үлкен бір тармағы төлеңгіт аталады» Рәшид-әд-Дин шежіресінде төлеңгіт аталары таратылмайды. Жаңа замандағы деректер бойынша, Алтай өңіріндегі, оқшау отырған, яғни өзінің әуелгі қалыбына жақын төлеңгіт жұртында: мұндұс, тодош, ырғыт, көбек, сағал, тоғұл, тонжон, орсақ деген және қыпшақ, алмат (ежелгі керейдің бір бұтағынан), найман, төлес, меркіт есімді тармақтар бар екен. Бұлардың бастапқысы – төлеңгіттің өзіне ғана тән деп шамаласақ, соңғылары – кейінгі жаңқа-жарқадан қосылған жұрт деуге тиіспіз. Ал қазақтағы төлеңгіт: мамадайыр, құсшы, қалмақ, дейіт, табын, найман, жемет, қара ешкі, уанас, жалаң, таз, жөлке, оңажыт, боран, телеу деп жіктеледі. Тек бір ғана сөз – мұндағы «қалмақ» – кәдімгі қалмақ емес, XV–XVI ғасырлардағы Дәшті-Қыпшақ көшпенділері құрамында аталатын рудың бір ұшқыны, немесе әуелгі біртұтас төлеңгітпен бірге келген аттас қауым болса керек. Төлеңгіт шежіресінде қалмақ табы Желден деген кісіден тарайды. Бұл желден және табын, телеу, таз бен жалаң Алтайдағы төлеңгіт руының ішіндегі кіші аталардың қатарында саналады. Қазіргі қазақтағы аталы басқа тайпалар сияқты, төлеңгіт руынан шыққан тұлғалар да ел өмірінде елеулі із қалдырды. Абылай хан заманындағы қолбасыЖаназар батыр, XIX ғасырдың алғашқы жарымында өткен ақын қыз Жазық, XIX–XX ғасырлар шегінде жасаған күйші Дина Нұрпейісова, XX ғасырдың екінші жарымында атаққа шыққан математик Орынбек Жәутіков, Қазақ ұлт аспаптар оркестрін түрлентіп, қайта құрған дирижер Шамғон Қажығалиев, классик жазушы Тәкен Әлімқұлов, белгілі әдебиет сыншысы Зейнолла Серікқалиев осы ежелгі жұрттан болатын. Қазіргі тарихшылар пікіріне назар аударсақ, Т.Омарбек «Тарақ таңбалы қазақ руларының тарихи тамырлары» мақаласында («Шәмші» журналы,, 2009 ж. №11): «Жалпы қазақ халқын құраған тарақ таңбалы бес тайпаның ішінде (төре, жалайыр, төлеңгіт, тарақты-табын, тарақтының өзі) ежелгі тарихы терең, ұлыс ретінде белгілі тайпалар кімдер дер болсақ, алғаш төлеңгіттерді ауызға алар едік...Олар Х ғасырда Қытай деректерінен белгілі болған Жалайырлардан да бұрын VII ғасырда жеке ұлыс ретінде көршілеріне белгілі болды», – деп мынадай тізім келтірген: Солтүстік ғұндары– Гаогюйдің Телеңгіті (Теленгут)–Теле Теленгіті (Толанко) – Тоғыз-оғыз Теленгіті (Доланге) – Жалайырдың Телеңгіті (Тулангит) – Тарақты.


Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.


ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ

Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.

Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.

Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:


Қаратаудың басынан көш келеді,


Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.


Қарындастан айырылған жаман екен,


Қара көзден мөлдіреп жай келеді.


Мына заман, қай заман, бағы заман,


Баяғыдай бола ма тағы заман?!


Атадан ұл, енеден қыз айырылды,


Көздің жасын көл-дария ағызамын.


Мына заман, қай заман, қысқан заман.


Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.


Топырақ пен аспаннан шаң борайды,


Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.


Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,


Қабырғама қара жер батты, Құдай.


Жаяу жүрсем, табаным ауырады,


Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!


«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.


Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.


Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.


Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.


Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.


Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.


Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.




Көрілген: 12225    Пікірлер: 6

бейсенбі, 29.01.2015, 16:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Мамыр 2015
    Сунақ шежіресі
    29 Сәуір 2015
    АЛШЫН ШЕЖІРЕСІ
    24 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарақалпақ
    6 Сәуір 2015
    Шежіре-Қарайымдар
    30 Наурыз 2015
    Шежіре - Бақсайыс
    20 Наурыз 2015
    Түрікмендер
    13 Наурыз 2015
    Шежіре- Сахалар
    10 Наурыз 2015
    Шежіре-Қарашайлар
    2 Наурыз 2015
    Шежіре-Құмықтар
    25 Ақпан 2015
    Шежіре-Қашқайлар
    18 Ақпан 2015
    Шежіре - Тывалар
    29 Қаңтар 2015
    Шежіре: ТӨЛЕҢГІТ
    23 Қаңтар 2015
    Өміртай шежіресі
    13 Қаңтар 2015
    Матай
    9 Қаңтар 2015
    Шежіре - АЙҚЫМ
    30 Желтоқсан 2014
    Фотосы бар материал Түркілер
    26 Желтоқсан 2014
    Кіші жүз таралымы
    22 Желтоқсан 2014
    Шежіре- Қайшылы
    20 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қожалар
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Қызылқұрт руы
    12 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Масқар
    10 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Таз
    9 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жетімдер
    6 Желтоқсан 2014
    Шежіре — Бура
    4 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Шыбыл руы
    3 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Ителі
    2 Желтоқсан 2014
    Шежіре - Жәдік әулеті
    28 Қараша 2014
    Шежіре - Кердері
    25 Қараша 2014
    Шежіре - Есентемір
    24 Қараша 2014
    Шежіре - Жастабан
    21 Қараша 2014
    Шежіре - Қараш
    20 Қараша 2014
    Шежіре - Бағаналы
    19 Қараша 2014
    Шежіре - Балталы
    18 Қараша 2014
    Шежіре - Шегір
    17 Қараша 2014
    Шежіре - Жаманбай
    14 Қараша 2014
    Шежіре - Ноғай-Қазақ
    13 Қараша 2014
    Шежіре - Атығай
    12 Қараша 2014
    Шежіре - Абақ Керей
    11 Қараша 2014
    Шежіре - Шымыр
    10 Қараша 2014
    Шежіре - Ысық
    5 Қараша 2014
    Шежіре - Тобықты руы
    31 Қазан 2014
    Шежіре - Ботбай руы
    30 Қазан 2014
    Шежіре - Матай руы
    27 Қазан 2014
    Шежіре - Үйсін
    23 Қазан 2014
    Шежіре - Байбақты
    22 Қазан 2014
    Шежіре - Жаппас
    20 Қазан 2014
    Шежіре - Кете
    17 Қазан 2014
    Шежіре - Алаша
    15 Қазан 2014
    Шежіре - Шекті
    14 Қазан 2014
    Шежіре - Шөмекей
    10 Қазан 2014
    Шежіре - Табын
    8 Қазан 2014
    Шежіре - Жетіру
    7 Қазан 2014
    Шежіре - Тама руы
    6 Қазан 2014
    Беріш руы
    3 Қазан 2014
    Шежіре - Байұлы
    1 Қазан 2014
    Шежіре - Әлімұлы
    29 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Адай руы
    26 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қыпшақ руы
    25 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Арғын руы
    24 Қыркүйек 2014
    Шежіре- Уақ руы
    22 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қоңырат руы
    19 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Керей руы
    17 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шапырашты руы
    15 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Шанышқылы руы
    11 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Ысты руы
    10 Қыркүйек 2014
    Шежіре - Қаңлы руы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31