Қасиеті ерекше емші екен

Қасиеті ерекше емші екен

Біз бір ғажап оқиғаға тап болдық. Түсінікті болу үшін бәрін басынан баяндайын.

Інімнің кенже баласы шала туылып еді. 1,5 жастан асқанда дене қызуы біресе 39-ға дейін күрт көтеріліп, сәлден кейін 35-ке дейін түсіп, әбден әбіржітті. Осы жағдаймен бір жылда 7 рет ауруханаға жатты. Ақпан айынан бастап оған «судороги» қосылған. Ойнамалы температура кешегі күнге дейін жалғасты. Бала осы қараша айының соңында 3 жасқа толады. Соның 1,5 жылы денсаулықпен арпалысу болып кетті. Біресе ангина, біресе ларингит, кейде жұқпалы вирустық инфекция (ЖРВИ) деп айтады. Әр жолы күшті антибиотик салады. Жыл бойы тоқтаусыз витамин ішіп жүрсе де өте әлсіз, тәбеті жоқ, сүйегіне ілінген арық. Жазда УЗИ бауыры мен көкбауыры ісініп тұрғанын көрсетті.

Қазан айының соңына қарай бала тағы да қатты ауырып Шымкенттегі облыстық балалар ауруханасына түсіп қалды. Бірнеше күн ұйқы жоқ, «судороги», дене қызуы көтерілген. Укол-система әсер етпейді. Ас-су ішпейді.

Жанымыз қиналғанда уақыт кеш болып қалғанына қарамастан емші Айжан апайға хабарластым. Бұл қазан айының соңғы күні болатын. Емші апай тұтқаны бірден көтерді.

– Кішкентай бала ауырып жатыр еді, еш ем қонбай жатыр, не істерімізді білмейміз, – дедім амандасқан соң.

– Ватсапқа аты-жөнін жазып жібер. Көрейінші не болғанын, – деді.

Жаздым. Жауап таң қалдырды.

– Баланың бауыры мен көкбауыры ісіп тұр. Қып-қызыл етіп көрсетіп тұр маған. Қақырығы қатып қалыпты ғой, содан дұрыс демалуы қиын. Инфекция қанына өтіп кеткен. Қызуы тұрақсыз. Ойнамалы. Көп болыпты ғой ауырғанына. Әбден әлсіреп қалыпты. Мен тап қазір дем салуды бастайын. Егер соның әсері болса, маған емделуге алып келерсіңдер. Үзбе жасап, бауыры мен көкбауырын жақсартып беремін, қолымнан келгенше ем жасаймын, – деді.

– Апай, бала қазір ауруханада, жансақтау бөліміне ауыстыруы да мүмкін болып жатыр. Біз Шымкенттеміз. Сіз Нұр-Сұлтандасыз. Алыс қой, – деп күмілжідім.

– Егер емі менен болса Алла өзі сәтін салады. Бүгін дем салғаннан кейінгі әсерін байқап көріңдер. Қалғанын сосын көре жатармыз, – деді Айжан апай.

Бұл түнгі сағат 10-ға таяп қалған кез еді. Ғажап емей немене – сол күні түнгі 12-ден аса баланың 39-дан асып, түспей тұрған қызуы 37-ге төмендеді. Денесі жіпсіп, аздап сорпа ішіп, балбырап ұйқыға кетті. «Реанимацияға» ауыстырған жоқ.

Таңертең хабарласуға әлі ерте шығар деп отырғанымда Айжан апайдың өзі қоңырау шалды.

– Бала қалай? Қызуы сәл түсті-ау деймін?

– Қалай білдіңіз, Айжан апай? – деп таң қалғанымды жасыра алмадым.

– Дем салып жатқанда бәрі белгілі болып тұрады ғой. Үш күн дем саламын. Сосын нағыз өзінің дәрігерін жолықтырасыңдар. Бәрі жақсы болады, аса уайымдай бермеңдер, – деді.

Ертеңіне «обход» кезінде палатаға басқа дәрігер кіреді. Қызуы жоқ, тып-тыныш терлеп-тепшіп ұйықтап жатқан баланы жазылды деп шығарамыз депті. Келін: «Үйге барғанда тағы да қызуы көтеріледі ғой. Бір жылдан асты осылай сандалып жүргеніме» деп жылап жібереді. Тоқтай қалып, жағдай сұраған дәрігер дереу қан мен зәрге қатысты басқа анализ тапсыруды айтады. Үйіне қайтармай, қосымша 1 күн баланы бақылауға алды. Алла өзі жол берді деген осы, 1,5 жыл қызумен арпалысқан баланы емдейтін нағыз дәрігер осылай бөбегіміздің алдына өзі барған. Сөйтіп керекті дәрігері мен нақты диагнозы табылып, ауруханадан шыққан соң амбулаторлық түрде ем бастады.

Ал енді Шымкенттен 1490 шақырым алыста болса да баланың бауыры мен көкбауырының ісіп тұрғанын, қызуы ойнамалы екенін, оған қанға өтіп кеткен инфекция себеп екенін дәл айтқан Айжан апайды мықты демей көріңіз! Қашықтан дем салып-ақ баланың қызуы түсуіне көмегі болғанына біз әлі қуанып, әрі таң қалып жүрміз. Емдейтін адамы табылады дегенде дәрігері алдына өзі келеді деп ойламаған едік.

Алланың құдіреті шексіз ғой, шіркін! Осы жағдайдан кейін біз кішкентай баламызға Айжан апай қашықтан емес, бетпе-бет отырып дем салса ғой деп тіледік. Өйткені осыған дейін ем қонбай әуреге түскенде оқытылып жіберген де дұрыс шығар деп молда, тәуіп, емшілердің бірнешеуіне барғанбыз. Жағдай еш өзгермеген. Ал мына жағдай емшінің де емшісі бар екеніне көзімізді жеткізді. Өзі де «Шипа – Алладан! Мен дем салғаннан кейін әсері болса, ем қондырушы ретінде Алла мені дәнекер еткені. Ондай жағдайда баланы алып келесіңдер» деген еді. Бірақ ол алыста ғой?!

Бұл жолы да Айжан апай бізді таң қалдырды. Қараша айының басында бір шаруалармен Шымкентке жолға шыққалы жатқанын айтты. Мұндай мүмкіндікті жіберіп алуға бола ма? Жата жабыстық, жабылып өтініш айттық. Аз күн болса да баланы емдеуге жәрдем беруін сұрадық. Келісім берді. Қолын жақындатып ұстап, тұла-бойыңды алақанымен «сканерлеп» өтіп, бүкіл ағзаңды МРТ сияқты айтып береді екен. Ақыры барып тұрған соң мен де өзіме дем салдырып алайын дегенмін. Бойымдағы бүкіл дертімді дәл айтып, дем де салып берді, емін де жасады. Сол күні-ақ бойым жеңілдеп, рахаттанып қалдым. Айжан апайдың екі сөзінің бірі – «Бәрі де Алланың қалауымен. Мен дәнекер ғанамын. Алладан сұра». Солай деп жүріп баламызды бір-екі күн сылап-сипап, ем жасап еді, сөлбірейіп солып тұрған бала су құйған гүл сияқты тәуір болып, еңсесін тіктеді. Ойпырмай, екі кештің ортасында шырылдап қоңырау шалғанымда жолымыз осынша оңғарылып, 1,5 жыл қиналған баланың алдына дәрігер түгілі өзі де келіп қалады деп еш ойлаған жоқ едік. Алланың құдіретінде шек жоқ қой, шіркін!

Айжан Ахметова – «Қасиет» емшілер қауымдастығының құрметті мүшесі, кәсіби және рухани халық емшісі. Үзбе (қима) емі арқылы ішкі ағза ауруларын емдейді, тіл-көз, зиян тиген, жолы болмай жүрген жандарға, рухани кеселдерге дұға оқу арқылы ем қондырады. Отпен емдеу тәсілімен суықтау мен қабыну түрлерін, сүйекке сіңген суықты алады. Ине салу (алтын ине) терапиясымен түрлі неврологиялық кеселдерге шипа дарытып жүрген жан. Бұл емші туралы мен танысымнан естігенмін. Жиырма бес жасында кенеттен түсініксіз кесел жабысып, пышақпен қабырғаға сурет салып, түн баласы тоқтаусыз қарқ-қарқ күлетін әдет тапқан жігітті «жындыханаға» түсуден сақтап қалғанын айтқан болатын. 21 күн Құран оқып, дем салып, тәуір еткен екен. Онша илана қоймаған едім, өз басымыздан өткен соң бойында тылсым қасиет бар жандар болатынын мойындадым.

А. САРДАРБЕКҚЫЗЫ.

Шымкент қаласы.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста