Шымкент шырайы

40 ТОННА ҚЫЗАНАҚ ЖИНАЛДЫ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкентте азық-түлік белдеуін  қалыптастыру және көкөніс бағасын тұрақтандыру мақсатында жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Соның бір бағыты биыл қалада 2 бірдей жаңа өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылды. 

 

 

Қаратау ауданындағы «AGROPARK KZ» жылыжай кешені 5,2 гектар аумаққа орналасқан. Шілде айында жұмысын бастаған жобаның жалпы инвестиция құны 1 326,0 млрд. теңгені құрап, оның ішінде 331,5 млн. теңгені мемлекеттен қолдау ретінде берілген. 

 

Жылыжайда жылына 1 200 тонна көкөніс өнімін өндіру көзделген. Шілде айында қызанақ көшеті қондырылып, шаруалар қазір өнім жинау жұмысын атқаруда. Бүгінге дейін 40 тонна қызанақ жиналған. Бұл көкөніс бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарыққа  саудаланбақ.

 

 

Жуырда өз жұмысын бастағалы тұрған «IGM-CORPORATION» жылыжай кешені Еңбекші ауданында орналасқан. Шаруа қожалығы 4 гектар аумаққа қызанық өсіруді жоспарлауда. Жобаға 1050,0 млрд. теңге инвестиция салынып, оның ішінде  262,4 млн. теңгесі мемлекеттік қолдау.

 

 

Аталған жылыжайда жылына 1 200 тонна қызанақ өндіру жоспарланған. Шаруалар өнімдерін қала нарығына шығарады.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 415    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.10.2021, 19:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан, 21:08
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31