Шымкент шырайы

«SHYMKENT ZHASTAR LIGASY» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылына орай Шымкенттегі  жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде  қала әкімінің қолдауымен «Шымкент Жастар Лигасы» жобасының екінші кезеңі салтанатты түрде ашылды.

 

 

Спорттық шараның ресми ашылуына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан,  қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, қалалық дене шынықтыру  және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының міндетін атқарушы Мұратжан Шотанов және жалпы білім беру мекемелерінің директорлары, сондай-ақ, қатысушы командалар және олардың жанкүйер фан-клубтары қатысты.

 

 

Жиында сөз алған Шыңғыс Жұмабекұлы жобаның маңыздылығына тоқталып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

 

 

–  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту бойынша берген тапсырмасы негізінде Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен жастар лигасы былтыр алғаш рет ұйымдастырылды. Бірінші кезеңде 140 білім беру ұйымынан 500-ден астам команда жасақталып, 6 мыңнан астам оқушы бағын сынаған. Биыл спорттық сайыстың екінші маусымының салтанатты ашылуына жиналдық. Бұл сайыс жастарды табанды болуға үйретеді, - деді Шыңғыс Мұқан.

 

 

 

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жаппай спортқа баули отырып салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. «Шымкент жастар лигасы» жобасы футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорттың 4 түрінен жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өткізілуде.

 

 

 

Мұнан соң, іс-шарада жарыстың алғашқы ойыны өтті. Бас төрешінің бекіткен кестесіне сәйкес, қыздар арасында волейбол спорт түрінен А.Пушкин атындағы №1 мектеп гимназиясы және Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп гимназиясының командасы арасында тартысты ойын болды. Турнирде 2:0 есебімен №64 мектептің құрамасы басым түсті.

 

 

 

Айта кетейік, әр ауданға қарасты мектептер төрт топқа бөлініп, қазан-мамыр айларында өзара сайысып,топ жеңімпаздары анықталады. Аудандардағы ойындардан соң өз тобынан жеңімпаз болып шыққан 16 мектептің командалары сәуір айында 1/8 финалда ойындарды жалғастырады. Жарыс жеңімпаздары мамыр айында анықталып, марапатталады.

 

 

 

Азамат ЖАППАР

фото Серік ҚОСАЕВ

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 546    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 20:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан, 21:08
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:33
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31