ДОСТЫҚ ТҰРҒЫНДАРЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

23 желтоқсан 2021, 20:24

Шымкент қаласындағы Достық тұрғын алабын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында биыл маусым айында құрылыс жұмыстары басталған. Мердігер мекеме - «Жолсерік» ЖШС.

 

310 электр бағанасы орнатылып, 14 шақырым электр желісі тартылды. Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, нәтижесінде 234  абонент сапалы электр қуатымен қамтылмақ.

 

Қазіргі уақытта «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен әр үйге жеке есепшот ашып, электр желісіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 100-ден астам үй мемлекеттік электр жүйесіне қосылды. Қалғаны рет-ретімен қосылуда.

 

Жалпы бұл жылы қалада 2 қосалқы стансаның және 7 елдімекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 21,3 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылды. Нәтижесінде мегаполисті электр қуатымен қамту көрсеткіші 97 пайызға жетті.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі