Шымкент шырайы

ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ КЕСТЕГЕ САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласында Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

 

 

Түркістан көшесінен «Ескі қалашық» аумағына дейінгі аралықта жүргізіліп жатқан 1 кезең жұмыстарының 94 пайызы орындалған. Осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда.

 

 

Нысанның жалпы ұзындығы 580 м. Қазіргі таңда жол жамылғысымен бірге 400 м асфальт төсеу жұмыстары аяқталған.

 

 

Қонаев даңғылы жалғасының екінші кезеңі бойынша  Әйтеке би көшесімен ұзындығы 600 м жол асты өткелін салу бойынша инженерлік желілердің орындары ауыстырылып, Қонаев даңғылымен Тәуелсіздік көшесі қиылысындағы тоннель өткелі бойынша свай қағу жұмыстары атқарылуда. Нысан келесі жылға өтпелі болып жоспарлануда.

 

 

Ал, Терешкова көшесінен Бөгет көшесіне дейінгі аралықта салынып жатқан Қонаев даңғылы құрылысының 3 кезеңі бойынша орташа жөндеу жұмыстары 2020-2021жж аралығына жоспарланған. Кезеңнің жалпы ұзындығы 6 жолақты 0,561 шақырымды құрайды. Ал жолдың ені 42 метрді құрайды.

 

 

Бүгінге дейін екі бағытты айналма темір жолын, кәріз құбырын салу, кабель желілері мен темір жол электр бағаналарын және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, темір жол өткелінің свай құю, жер жұмыстары және темір жол көпірінің негізін құю, теміржол балкаларын орнату, темір жол астынан өтетін жол өткелінің қазу жұмыстары орындалды.

 

 

Қазіргі уақытта, тіреу қабырғаларын құю, инженерлік желілердің орнын ауыстыру мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстары жүргізілуде.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

сенбі, 20.11.2021, 20:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    9 Желтоқсан 2021
    Біріккен рейдтік шара
    2 Желтоқсан 2021
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31