Шымкент шырайы

МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖДЫҒЫНА ҚАЙТАРЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғалымжан Өтенбаев қала әкімдігінің @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

 

Басқарма басшысы жерді мақсатты пайдалану, заңсыздыққа жол бермеу, пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін мемлекетке қайтару жұмыстарының барысын баяндап, тұрғындар сауалына жауап берді. Жалпы әлеуметтік желіде тұрғындар тарапынан 20-ға жуық сұрақтар келіп түсті.

 

Шымкент қаласында игерілмей жатқан 1546 жер учаскесі анықталған. Сонымен қатар, 106 жер учаскесінің меншік иелеріне 2018-2020 жылдар аралығында тексеру жұмыстары атқарылды.

 

Бүгінде қала аумағында ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылмай жатқан 1024 жер учаскесінің ауданы 2 гектардан асатын 107 жер теліміне тексеру жұмыстары жүргізілетіндігі туралы хабарландыру хаттар табысталып, жұмыстар жүргізілуде.

 

2021 жылы бірқатар азаматтардың жер учаскелерін игермей жатқандығы анықталып, меншік иелеріне түсіндіру жұмыстары негізінде азаматтар өз еркімен жерді мемлекетке қайтарды.

 

Кәсіпкерлік мақсатқа арналған жеке меншік құқығымен берілген жер учаскесі сот шешімі негізінде мемлекет меншігіне алынған. Бүгінгі таңда басқарма тарапынан игерілмей жатқан ауылшаруашылық мақсатындағы жалпы алаңы 303,3385 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

 

Басқарма басшысы азаматтарды ҚР Жер кодексінің талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.11.2021, 21:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    9 Желтоқсан 2021
    Біріккен рейдтік шара
    2 Желтоқсан 2021
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31