Шымкент шырайы

ШЫМКЕНТТЕ 10 ОРЫНҒА ТЕГІН WI-FI ОРНАТЫЛҒАН

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 Шымкентте «Ақылды қала» эталондық стандарты негізінде қоғамдық орындарға орнатылған  «Ақылды күнбағыс» ақпараттық кешенінің саны артты. 

 

Өткен жылы жүзеге асқан жоба биыл да жалғасын тауып «күнбағыс» саны артты. 2020 жылы 20 ақпараттық кешен болса, биыл 30-ға жетті. Олар – Орталық саябағы – 3, Тәуелсіздік саябағы – 6, Металлургтер саябағы – 3, Қошқар ата – 2, Жеңіс саябағы – 3, Дендро саябағы – 3, Абай саябағы – 6, «Ескі қала» Цитадель аумағында – 4.

 

 

Бұл жүйе саябақтар мен қоғамдық орындарда тұрғындардың телефондарын қуаттап, жалпыға қолжетімді Wi-Fi пайдалануына мүмкіндік береді. Құрылғы күн көзінен қуат алатын панельдер мен аккумуляторлар арқылы жұмыс жасайды.

 

 

Цифрландыру басқармасының мәліметінше, осы жылдың 9 айында «Ақылды күнбағыс» кешенінің қызметін 190 мың адам қолданған. 

 

 

Одан бөлек, биыл қоғамдық орындарда ақпарат алмасуды ілгерілету мақсатында қалада 10 орынға 30 тегін wi-fi нүктелері орнатылды.

 

 

Атап айтқанда, Бәйдібек би ескерткішінің алаңы – 2, Шымкент қаласы әкімшілік ғимаратының артындағы парктің алаңы – 4, Нұрсат аллеясында (Назарбекова-Бәйдібек би көшелер қиылысы)  – 2, Фонтан «Тюльпан» - 2, Арбатта – 4, Нұрсат №130 мектеп артындағы аллеяда – 2, Наурыз алаңында – 4, Шәмші аллеясында – 2, Дендросаябақта – 6, Қазына саябағында – 2.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 214    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 16:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан, 21:08
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31