Шымкент шырайы

ШЫМКЕНТТЕ ӨНДІРІСТІК ПРОЦЕСТЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ОҢ БАҒАЛАНДЫ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, ауылдық елдімекендерде сумен жабдықтау қызметтерін қолжетімді ету және жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелері қаралды.

 

Үкімет басшысы халықты вакциналаумен және ревакциналаумен қажетті көлемде қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

 

ДДСҰ ұсынысы бойынша елімізде вакциналауға жататын адамдар санаты кеңеюде. Бүгінде жеті өңірде жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін аналарды вакциналау басталды. Өңірлерге Comirnaty (Pfizer) вакцинасы жіберілген. Шымкент қаласында да аталған вакцинаны егу жұмыстары жүргізілуде.

 

Қазіргі уақытта республика бойынша 12-18 жастағы 1313 бала, 247 жүкті және бала емізетін ана вакциналанды.  

 

Үкімет басшысы санитарлық талаптарды қамтамасыз ету және мониторингтік топтардың оларды сақтауын бақылау бойынша шаралар қабылдауды одан әрі жалғастыруды тапсырды.

 

Сонымен қатар, жиында ауылдық елдімекендерде сумен жабдықтау қызметтерін қолжетімді ету жұмыстарының барысы талқыға түсті. 2025 жылдың соңына дейін халықты таза ауызсумен қамтуды 100 пайызға жеткізу міндеті тұр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша қалаларда ауызсумен қамту 98 пайызға жетпек.

 

Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында өндірістік процестерді автоматтандыру және есептеу құрылғыларын орнату есебінен тұрғындардың қаражаты үнемделіп, су және қызмет көрсету шығындары азайған. ҚР Премьер-Министрі осындай тәсілдерді елдің басқа өңірлеріне де қолдану қажеттігіне назар аударды. 

 

Саланы автоматтандыру және инновациялық технологияларды қолдану бойынша жұмыс қарқынын арттыру қажет. 

 

Айта кетсек, Шымкент қаласында 2023 жылы сапалы ауызсумен қамту мәселесі толықтай шешіледі.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 480    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 20:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    9 Желтоқсан 2021
    Біріккен рейдтік шара
    2 Желтоқсан 2021
    6 АДАМНАН КВИ АНЫҚТАЛДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31