ШЫМКЕНТТЕ ЦИРК ПЕН ЗООБАҚТЫҢ БІРЛЕСКЕН ІС-ШАРАСЫ ӨТЕДІ

19 қазан 2021, 20:03

Шымкент қаласының шалғай елді мекенінде орналасқан мәдениет үйлерінде цирк мекемесі мен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді.

 

 

Бірлескен ұжымдық шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығы мен Шымкент цирк мекемесінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылуда.

 

 

Іс-шараға келушілер зоосаябақтың қоян, теңіз шошқасы, кірпі, тотықұс, кептер және қырғауыл сынды жануарлары мен құстарын көріп, цирк әртістерінің өнерін тамашалайды.

 

 

 

Қойылымдардың күні мен уақыты:

 

26 қазан күні, сағат 15:00-де «Жаңаталап» мәдениет үйі

 

27 қазан күні, сағат 15:00-де «Шапырашты» мәдениет үйі

 

29 қазан күні, сағат 15:00-де «Сайрам мәдениет» үйі

 

Аталған шара барлық санитарлық талаптарға сай өткізіледі.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі