Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

СУМЕН ҚАМТУ ДЕҢГЕЙІ БИЫЛ 98 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

13 қазан 2021, 20:43

Шымкент халқын таза ауыз сумен қамту бойынша осы жылы 15,5 млрд. теңгеге 14 нысанның құрылысы жүргізілуде.

 

 

Бұл жөнінде қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мүлкеманов брифинг барысында айтты.

 

 

Оның айтуынша, жыл соңына дейін 3 магистралды суаққы және тасымалды 7 елді мекен мен жартылай қамтылған екі елді мекендегі 25,6 мыңға жуық халық ауыз сумен қамтылады.

 

 

Олар, тасымалды суды пайдаланып отырған Тұран, Солтүстік саяжай, Ынытмақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас болса,  ауыз сумен жартылай қамтылғандар Жаңаталап пен Сәуле елді мекендер.

 

Нәтижесінде, сумен қамту деңгейін 95,6%-дан 98%-ға жеткізу жоспарлануда.

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі