Шымкент шырайы

ҮЗДІК ҰСТАЗ: ЕҢ ӘДЕМІ КИІМ – ҰЛТТЫҚ КИІМ

  • Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақтың ұлттық нақыштағы киімдеріне тек наурыз мерекесі мен салтанатты жиындардың емес, күнделікті қолданыстағы киімге айналу керек. «Үздік педагог-2021» байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы, Шымкенттегі Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің арнайы пәндер мұғалімі Гауһар Қойланова осылай дейді.

 

 

Он саусағынан өнер тамған шебер дизайнер мен тігіншілерді тәрбиелеп, қазақтың ұлттық ою-өрнегін жастардың санасына сіңірген Гауһар Жарасқызы осы салада 20 жылдан бері еңбек етіп келеді.

 

 

–Ең әдемі киім – ұлттық киім. Қазақтың ұлттық киімі тек бүрмелі ұзын көйлек пен қызылды-жасылды қамзолмен шектелмейді. Бағзы заманның кімдерін зерттегенде олардың ерекше дизайны мен графикасы адамды еріксіз таңдандырады. Өзімнің еңбек жолымда көне үлгілерді қазіргі уақытқа ұштастырып, заманауи үлгіде қолданысқа енуге арнап келемін, - дейді ұстаз.

 

 

 Қойланованың шәкірттері талай додада топ жарып, бас бәйгені еншілеген. Шымкентте өткен «Жібек жолы айшықтары» ұлттық киім дизайнерлерінің байқауында студенттері «Ең үздік балалар мен жасөспірімдердің киім үлгісі» номинациясының жеңімпазы атанды. Ал 2017 жылғы осы байқауда «Нью фольклор» атты киім жиынтығымен қатысты.

 

 

Бағыты айқын, шығармашылығы шыңдалған Г.Қойланованың 2019 жылы «Киім дизайны» мамандығында білім алушылар үшін «Материаловедение в дизайне одежды» деп аталатын авторлық оқу құралы жарық көрді. Биыл «Балалар жеңіл көйлегі негізінде модельдік ерекшеліктерді түсіру» мен «Балалар шалбарының негізгі сызбасын құру» және «Костюм композициясындағы түс» тақырыбы бойынша әдістемелік ұсыныстар, «Костюм тарихы» тақырыбында лекция жинағын дайындады.

 

 

Гауһар Жарасқызы шәкірттерін креативті шығармашылық жұмыстарды орындаумен қатар, қазіргі заман талабына сай графикалық бағдарламаларды да терең оқытып, кәсіби сауатын тереңдете түсуде.

 

 

Биылғы оқу жылы ұстаз үшін жеңісті жыл болды. «Үздік педагог 2021» байқауынынң қалалық кезеңінің жеңімпазы атанып, ҚР Білім және Ғылым министрі А.Аймағамбетовтің алғыс хатымен марапатталды.

 

Г.Қойланова секілді ұстаздары бар Шымкентте талай шәкірт ұлттық киімдерді қайта жаңғыртып, трендке айналдырары сөзсіз.

 

 

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Көрілген: 313    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 20:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қазан, 20:41
    ЖАСТАР ЛИГАСЫ –2021

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31