Шымкент телевидениесімен бірге

ДЕПУТАТТАР 80 НЕН АСТАМ МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАҒАН

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Шымкентте жыл басында қала бюджеті 387,6 млрд. теңге болатын. Алайда қала қаржысы тоқсан спайын қайта қаралып, ұлғайтылып жыл соңында 490,6 млрд. теңгені құрады. Бюджет шығыстарының 45,2 пайызы әлеуметтік салаға арналып отыр. Атқарылған шаруалар жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясында айтылды. Жиында тағы екі мәселе қаралды.

 

Бұл жолғы жиынға халық қалаулылары түгел жиналды.Кезектен тыс оныншы сессиясының күн тәртібі бекітіліп, кезекті мәселе талқыға салынды.   «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізілді. Тиісті басқарма басшысы арнайы баяндама оқыды.

 

Рахымберді Мүлкеманов  - Шымкент қалалық  Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

 

П 0806 тк 00:08-00:52 Жалпы Шымкент қаласының бюджеті 2 млрд қа жуық қаржы мемлекеттік сатып алу бағытының есебінен қайта бағытталып отыр. Білім саласына қосымша 606 млн бағытталған. ІІО 8 дана мобильдік пункт орналастыруға бөлінген.

 

Халықтың әл-ауқатын жақсартуға негізделген шешімдер қабылдауда бүкіл депутаттар бірлік танытқан. 2021 жылға қалалық бюджеттің шығыстары бойынша жалпы көлемі 490,6 млрд. теңге болса,оның 45,2 пайызы әлеуметтік салаға, яғни, 221,8 млрд. теңге қарастырылды.

 

Бахадыр Нарымбетов  - Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы

 

Атап айтқанда, - білім беру, денсаулық сақтау салаларына – 168,1 млрд. теңге;- әлеуметтік көмекке – 33,1 млрд. теңге;- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңестікке – 20,5 млрд. теңге бағытталды.

 

Сессияда маңызды шешімдер қабылданды, бюджет нақтыланды. Қала бюджеті 491,6 млрд. теңгеге жетті. Оның 25,3%-ы – даму бюджеті, 74,7%-ы – ағымдағы шығындар. Биылғы жылға арналған бюджеттен үнемделген қаржы инфрақұрылымдық даму, өзге де маңызды жобаларды іске асыруға қайта бағытталатын болады. Сессияда сөз алған қала әкімі бюджетте үнемделген қаржының инфрақұрылымдық мәселелерге жұмсалатынын жеткізді

 

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

 

Мәслихат депутаттарымен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін 80-нен астам шешімдер қабылданған.  Жолдауда белгіленген 25 нақты міндетті, қаланың тұрақты дамуы үшін нақтыланған 10 Ұлттық жобаны жүзеге асыруда депутаттар корпусымен нәтижелі жұмыс жүргізілуде.  2021 жылдың 9 айында қала мәслихаты аппараты кеңсесіне 1017 құжат келіп түсіп,953 шығыс хат-хабарлар жолданған..

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 421    Пікірлер: 0

жұма, 29.10.2021, 17:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31