Шымкент телевидениесімен бірге

ДІН ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Бәйдібек ауданындағы мешіт имамдарының жылдық есепті қабылдауы жаңаша үлгіде өтті.

 

Елді мекендердегі мешіт имамдары жеке-жеке есеп беріп, баяндама жасады. Олардың есебін облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов қабылдады.

 

 

Есеп 7 бағытқа негізделген. Яғни, имамдардың киім үлгісін реттеу, біркелкі формада киіну. Оқу-ағарту ісін жандандыру.

 

Бұл ретте онлайн-офлайн ақида, фикһ дәрістерін көбейту, діни оңалтуды күшейту. Шәкірттерге тек құран үйретіп қоймай, қарилар даярлау қажеттілігін де арттыру.

 

Осындай бағыттар төңірегінде әңгіме жүргізген дін өкілдері, алдағы уақытта басқа да бағыттар бойынша, зекет және қайырымдылық, әйел-қыздар секторы, тұрақты ақпарат және қоғаммен байланыс секілді жұмыстармен айналысып отыру жолға қойылған. Күн тәртібінен де түспек емес.

 

Жалпы ауданда 36 мешіт, 40 діни қызметкер жұмыс жасайды. Мешіттердің барлығы дерлік құжаттары толық рәсімделген. Бағыттары да айқын.

 

Мұқтаж жандарды азық-түлікпен киімдермен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Шәкірт тәрбиелеуде де басымдықтар көп. Қамқорлық жасап үй әперу де жақсы ұйымдастырылып келеді.

 

Бүгінгі есеп жиналысына Облыстың найб имамы Самат Анарбаев, облыстық іс басқарушы Мұхамеджан Естеміров және Бәйдібек ауданының мәслихат депутаты Асқар Кенехан қатысты.

 

Жиынға қатысушылар тарапынан сауалдар түсіп, оған аудан имамы Еркін Полатов жауап беріп отырды.

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 570    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 20:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31