Шымкент телевидениесімен бірге

ДІНИ КОНФЕССИЯ ЖЕТЕКШІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Бүгін - Қазақстанда Рухани келісім күні. Осы даталы мерекеге орай Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан діни конфессиялардың басшыларымен кездесті.

 

Шара барысында тараптар өзара пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады.

 

 

Кездесуде сөз алған қала басшысының бірінші орынбасары 1992 жылдан бастап бұл күн елімізде атаулы күн ретінде аталып келетініне тоқталып, қаладағы діни конфессиялардың өзара ынтымақ-бірлігі мен қоғамдағы рөлін сөз етті. Басқосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақдаулет Абдрахманов, «Казанской иконы Божией матери» жергілікті православиелік діни бірлестігі  протоиерейінің көмекшісі Алексей Королевский және Шымкент қаласының «Агапе» Інжілдік христиан шіркеуінің пасторы Андрей Шаталовтар сөз сөйледі.Жиын соңында конфессия өкілдері қала әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды. Сонымен бірге Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай діни конфессия өкілдері арасында татулық пен келісімді нығайту, бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында өткізілген кіші футбол жарысының 1 орын жүлдегерінің діни бірлестік жетекшісіне кубок табысталды.Шымкент қаласында 11 конфессияны білдіретін 118 діни бірлестік тіркелген.

 

Шыңғыс Мұқан – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары «Бұл мереке еліміздің тыныштығы мен бірлігі үшін өте маңызды. Біздің еліміз зайырлы мемлекет, сондықтан да әр азамат өзінің ана тілінде сөйлеп, діни салтын сақтауға құқылы. Мемлекет басшысы бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуде.»

 

Бақдәулет Абдрахманов – ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 491    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 20:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 20:42
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша, 20:28
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша, 20:39
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша, 20:26
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша, 20:19
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша, 20:28
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ
    8 Қараша, 20:09
    ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30