ДЗЮДОДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

06 желтоқсан 2021, 20:32

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика кешенінде дзюдодан Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Абай Құнанбайұлын еске алуға арналып республикалық трунир өтті. Дүбірлі додаға еліміздің түпкір-түпкірінен 300 ге жуық жас балуан қатысты.

 

 

 

Еліміздің барлық облысы Нұр-Сұлтан, Алматы,Шымкент қалаларынан 300 жуық жас балуаны екі күн бойына жеңімпаздарды анықтады.

 

Жарыстың ашыл урәсімі кезінде белгілі бапкер, Төлеби ауданындағы әлемдік аренадағы спортшылардың бапкері Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы  Жанпейіс Жабаев сөз сөйлеп, елдің туын ерлер ғана,спорта шыңдалған дара саңлақтар көтеретінін айтты.

 

Қалалық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов мегаполис қалада дзюдо спортының дамып келе жатқанын. Құрама сапына алыну үшін осы жарыста топ жару керектігін жеткізді. 

 

Дзюдо күресінен мемлекеттік жаттықтырушысы Жандос Қонысбаев дзюдо күресін дамытуға атсалысқан бірқатар азаматтарға федерация атынан алғыс хаттар мен марапаттады. Олардың қатарында осы жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырған Самғат Қарымсақов та бар:

 

САМҒАТ ҚАРЫМСАҚОВ - ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚҰРАМА БАПКЕРІ

 

Аса тартыспен өткен жарыс барысында алаң иелері өздерінің мықтылығын танытты. Жеңімпаз атану балуан кемі өзс алмағын оннан аса қарсыласын ұтуы керек болды. Бағы жанып сыннан сүрінбей өткендер құрама сапына мүше болып алынды. Енді олар әлемдік ареналарында Еліміздің намысын қорғайтын болады.

 

 

 

shymkenttv.kz