Шымкент телевидениесімен бірге

ЭКО ӘДІСІМЕН ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАЛА 25 ЖАСҚА ТОЛДЫ

  • https://shymkenttv.kz/

    https://shymkenttv.kz/

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында жарияланған «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен Репродуктивтік медицина институты бірлесіп 29 қазанда ЭКО әдісінің тарихы және Репродуктивтік медицина институтының құрылу қызметіне арналған «ИРМ – армандар орындалады!» атты көрмесін ашты.

 

Сонымен қатар бұл көрме ЭКО әдісімен дүниеге келген алғашқы қазақстандық баланың 25 жасқа толғанына арналды.

 

 

ЭКО әдісімен дүниеге келген алғашқы қазақстандық бала 25 жасқа толды. Осылай қолдан ұрықтандыруды Орталық Азияда алғашқы болып жүзеге асырған дәрігер қыз баламен әлі күнге дейін тығыз байланыста екенін айтады. Бүгінде бойжеткен шетелде, магистр дәрежесіне ие. Қазір Лондонда жұмыс істейді, денсаулық жағдайы да жақсы екен. Осы ретте репродуктолог маман мұндай айтулы жағдай  елімізде медицина саласының жоғары қарқынмен дамып, үлкен нәтиже бергеніне дәлел дейді.

 

Диана Есіркепова - РМИ орталығының директоры

 

- (Аударма) Бүгін бізді айтулы күн. Бүгін бізде мейрам. Дәл бүгін 25мыңыншы бала ЭКО әдісімен дүниеге келді.  Бұл күнді біздің ұжым атап өтуді жөн көрді. Біз емделушілерімізді шақырдық. Сондай-ақ осы әдіспен дүниеге келген балаларды да шақырдық.

 

Дәл осылай елімізде соңғы 10 жылдың ішінде қолдан ұрықтандыру арқылы 3 мыңға жуық бала дүниеге келген. Ол үшін мемлекет тарапынан барлығы 9050 квота бөлінген еді. Ал, биыл балаға мұқтаж жандар үшін квота саны 7 есеге артып отыр. Мәселен, 2020 жылы мың квота ғана болса, биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсыруымен 7000 квота бөлініп отыр.

 

Диана Есіркепова -  РМИ орталығының директоры

 

- (Аударма) «Ол үлкен жаңалық, үлкен қуанышты хабар. Бірақ ол үлкен жауапкершілік және де үлкен ауыртпашылық. Біздің саланың мамандарына қазір өте оңай болып жатқан жоқ осы істі атқару. Бірақ қазір бірталай кісілердің арманы орындалып, «Аңсаған сәби» бағдарламасын қолданып, соның арқасында сол аңсаған сәбилеріне жететін күндері бар деп ойлаймын

 

Айта кетсек, 1995 жылдың 28 қыркүйегінде Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен Қазақстандағы алғашқы экстракорпоральдық ұрықтандыру зертханасы ашылған болатын.Осы уақыт ішінде 5 адамнан тұрған ЭКО зертханасы 26 жыл ішінде 300-ден астам қызметкер жұмыс істейтін, 3 дербес клиникасы бар оның 2-і Алматыда және 1-і Шымкентте ғылыми-тәжірибелік Репродуктивтік медицина институтына дейін өсті.

 

 

 

shymkenttv.kz




Көрілген: 369    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.11.2021, 19:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Желтоқсан 2021
    «МЕН ӨМІРГЕ ҚҰШТАРМЫН»...
    23 Желтоқсан 2021
    ЭПИД ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
    22 Желтоқсан 2021
    "ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ"
    22 Желтоқсан 2021
    Жемқорлықты жою міндет
    23 Қараша 2021
    COVID-19: 14 ЖАҒДАЙ
    19 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    18 Қараша 2021
    COVID-19: 20 ЖАҒДАЙ
    17 Қараша 2021
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ
    17 Қараша 2021
    "Бекзат болмыс!"
    12 Қараша 2021
    ЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31