ХАЛЫҚ САНАҒЫ МАҢЫЗДЫ

11 қазан 2021, 23:12

Қазір бүкіл еліміз үшін маңызды кезең яғни- Ұлттық халық санағы өтуде. Санақ халықтың барын бағамдап, қалай өмір сүріп жатқанымыз бен әрі қарай даму жолдарын айқындауға мүмкіндік береді. Осы бағытта атқарылып жатқан шаруаларды қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков БАҚ өкілдеріне баяндады.

 

 

Санақтан өте отырып, сіз өзіңіздің өмір сүру деңгейіңіз бен жалпы қаланың дамуына орасан үлес қосасыз.   Мәселен, отбасы құрамын қайта жазу арқылы бізге қанша перзентхана, қанша аурухана салу керектігіне бағыт-бағдар аламыз. Болашақта қанша және қандай бағытта білім беретін балабақша, мектептер мен қандай колледж, институттар қажет болады. Сіздің тұрғын үйіңіздің шаршы метрлері мен қабырға материалдарының өзі мемлекет үшін маңызды. Дегенмен қойылған сұрақтарға немқұрайлы қарайтын шымкенттіктерде бар екен.

 

Ерғали Білісбеков – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

 

Семьяны жазғаннан кейін жанұяңызды біліп неше балабақша мектеп керек соны анықтаймыз. 10 жылда көптеген өзгерістер болады.

 

Осыдан он жыл бұрын қала бюджеті 39 миллиард теңгені құрайтын, ал бүгінде 500 миллиардқа жуық! Бүгінгі таңда бір ғана жұмыспен қамту басқармасының бюджеті сол кездегі  қаланың бюджетін құрайды.  Қала жолдары-шамамен 1000 км болатын, ал қазір  3 247 шақырымға жетті . Айтқандай ерлі зайыптылардың ажырасу көрсеткіші соңғы жылдары күрт төмендеген. Нәтижесінде демографиялық өсім байқалады. Халық саны артқан сайын елді баспанамен қамтуға бағытталған  жаңа жоспар түзіледі.

 

Ерғали Білісбеков – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

 

2008-ші жылы бізде кезекте 1600 адам тұратын қазір 46 мың. Тұрғын үй кезегінде 1600 адам тұрса, қазір 46000 адам тіркелген. Және, кезек жыл сайын 5-6 мың адамға жаңартылып отырады. Жыл сайын 30 мыңнан астам бала туылады, тұрақты тұруға 10 мыңнан астам адам көшіп келуде.  Болашақта Шымкент қаласының тұрғылықты тұрғыны болып қалатын 100 мыңнан астам студент білім алуда. Бұл өсу көрсеткіштерінің бір үлесі ғана. Жылына біз қанша үй беріліп жатырмыз соның бәрін шешу керекпіз.

 

Бүгінде 10 қазанға қала бойынша 253115 адам онлайн санақтан өтті, соның ішінде Sanaq.gov.kz сайты арқылы 210954 адам өтсе, 28858 адам Egov порталында тіркелу арқылы жауап берді, 13303 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты. Ал 78432 адамға оффлайн режимде жүргізілді. Жалпы санақтан онлайн және оффлайн режимде 331547 адам өткен немесе қала халқының жалпы санынан 30,1%.